07 қыркүйек 2016 12:48

Депутат Қазақстанда балалар дәрігерлерінің жоқтығына алаңдап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© orm.ru © orm.ru

Депутаттар медициналық жоғары оқу орындарында балалар дәрігері факультетін қайта қосу мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің пленарлық отырысынан.


Депутаттар медициналық жоғары оқу орындарында балалар дәрігері факультетін қайта қосу мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің пленарлық отырысынан.

Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Дания Еспаева ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға айтты.

"2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық дамыту бағдарламасы аясында балалар емханалары басқа емханалармен біріктірілген болатын, яғни тек балаларға арналған емханалар болмады. Қазіргі уақытта медициналық оқу орындарында "бала дәрігері" мамандығы алынып тасталды. Бала дәрігері маманы болу үшін интернатураны аяқтау керек. Алайда бұл ұсыныс қоғамда сынға алынған болатын. "Ақжол" партиясына хабарласып жатқан азаматтардың айтуынша, емханаларда дәрігерге бірден жүкті әйел, балалар немесе егде жастағы кісілер қаралатын кезде, кезекті ұзақ күтіп қаласың", - деді депутат.

"Қазіргі уақытта кез келген терапевт төрт айлық курстан өтеді. Онда ол балалар ауруы жайлы жалпы мағлұмат алады. Айта кету керек, балалар организмі арнайы білімді талап етеді. Моральдық-психологиялық жағынан да бұл мәселе балалардың тиімді ем алатынына күмән туғызады. Сондықтан да науқас балалардың ата-аналары ақылы ем алуды жөн көреді", - деді Еспаева.

"Ең қауіптісі бұл жерде біздің балаларымыз зардап шегуі мүмкін. Осыған байланысты  "Ақжол" партиясының өкілдері сізден балалар емханалары мен медициналық оқу орындарында "балалар дәрігері" мамандығын қайта қосу мәселесін қарастыруды сұрайды", - деп қорытындылады сөзін депутат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети