20 сәуір 2015 19:07

Депутат Қазақстандағы "ең қолжетімді министрмен" телефон арқылы сөйлесе алмай жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінекеев көп уақыт бойы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға телефон соқса да, сөйлесе алмай жүргенін айтты. Сонысымен ол бұған дейін министрге төменгі палатаның спикері берген "қолжетімді министр" атағына күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінекеев көп уақыт бойы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға телефон соқса да, сөйлесе алмай жүргенін айтты. Сонысымен ол бұған дейін министрге төменгі палатаның спикері берген "қолжетімді министр" атағына күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің ең қолжетімді министр жақша ішінде, спикердің айтуынша - "ең қолжетімді". Осы отырыстардан кейін мен сіздің қолжетімді министріңізге телефон соғып, ала алмай жүрмін. Неліктен еңбек өтілінің 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетініне жауап ала алмадым", - деді депутат мәжіліс комитетінің отырысында. Бұл отырыста зейнетпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер жобасы таныстырылған болатын.

Осыған дейін Tengrinews.kz тілшісі үкімет өкілдеріне парламентарийдің қалай баға беретіні жайлы айтқан болатын. Ақпан айында Парламент мәжілісі қабиболла Жақыпов мәжіліс отырысы кезінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жайлы мәлімдеме жасап, оның ер әріптестеріне қарағанда жақсырақ жұмыс істейтінін айтқан еді.

"Менің білуімше, ол қолжетімді министр. Жалпы, бұл министрлік - жарады. Сізге көп рақмет. Уәде беретін ер-министрлерге қарағанда сіздер зор жетістіктерге жеттіңіздер. Ал мына министрлік көп еңбектеніп жатыр. Барлығын атқара алмаған шығар, себебі мұнда көп, ауқымды, мұнда денсаулық сақтау да және әлеуметтік те (мәселелер - Авт.)", - деді Жақыпов.

Шамамен сол айда "Халық коммунистері" фракциясының көшбасшысы инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рауға "екілік" қойған болатын. Ал оған дейін мәжілісмендер энергетика министріне "қанағаттандырмайтын" баға қойған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети