11 қыркүйек 2014 13:53

Депутат қазақстандықтарды не мазалайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова өзінің сауалында қазақстандықтарды не мазалайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова өзінің сауалында қазақстандықтарды не мазалайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздерге өз сайлаушыларымды мазалайтын мәселелер жөнінде айтқым келеді. Жуырдағы жанар-жағармай бағасының көтерілуі. Жанармай қымбаттағаннан кейін не болатынын біз өткен тәжірибемізден білеміз: азық-түлік, содан кейін коммуналдық қызмет, қоғамдық көліктегі жолақы және басқалар қымбаттайды. Бұған қоса, Ресейге қарсы экономикалық санкцияларға байланысты кейбір азық-түлік тауарлары тапшылығы олардың бағасының жоғарылауына әкеліп соғуы мүмкін. Қазақстанның өзін-өзі азық-түлікпен толық қамтымайтынын, жартысын Ресейден әкелетінін ескерсек, алда мәселе ушығуы мүмкін", - деді депутат Үкімет басшысына арналған сауалында.

Оның айтуынша, сайлаушыларды Үкіметтің бұл жағдайда қандай шараларды қолға алатыны алаңдатады. "Мемлекет басшысы Үкіметке экономикаға, халықтың әл-ауқатына, Қазақстанның қауіпсіздігіне төнетін сын-қатерлердің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Жазбаша түрде немесе Үкіметтің бір мүшесі арқылы Парламент Сенаты депутаттарына ақпарат беруді сұраймын", - деді Жалмағамбетова.

Еске сала кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент пен Үкіметті әлемдегі күрделі ахуалға байланысты елдің экономикалық саясатында жедел шешімдер қабылдауға шақырған еді. "Бүгінде біздің алдымызда күрделі міндеттер тұр. Біз шешім қабылдауда кешігіп қалмауымыз қажет. Келеңсіздіктер өкшелеп келеді, біз оны сезініп отырмыз. Уақыт тар, әрекеттерімізді жеделдетуге тура келеді. Бүгінде бізге экономикалық саясатымызды өзгеріп жатқан геосаясаттың қатерлерін ескере отырып қалыптастыру қажет", - деген болатын Президент.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети