Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Депутат Қазақстанның көші-қон органынан оралмандарға қатысты кедергіні жоюды сұрады

09 Сәуір 2014, 13:09
0
Фото baq.kz сайтынан
Фото baq.kz сайтынан

"Қазақстанның көші-қон органдары елге келгісі келетін оралмандарға қатысты жасалатын кедергілер жойылуы керек", - деді бүгін Мәжілістің отырысында депутат Жамбыл Ахметбеков. Сондай-ақ, Ішкі істер министріне жолдаған сауалында депутат Қазақстанға оқуға келген шетелдік қазақ жастарына азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібін қалпына келтіру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сөз арасында 2012 жылдан бастап Қазақстанға келетін оралмандарға берілетін квота Үкіметтің ерекше шешіміне дейін тоқтатылғанын айтқан депутат, 2008 жылдан квота тоқтатылғанға дейін оралмандарға 40 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп келгенін жеткізді. Бұл өз кезегінде қандастарымыздың Атажұртқа орнығып кетуі үшін үлкен қолдау болған. "Алайда, квота тоқтатылғанымен шетелдегі қазақ қандастарымыз өз Ата жұртына бұрған көшін әлі тоқтатқан жоқ. Дегенмен, енді олардың елге сіңіп кетуі үшін жаңа кедергілер пайда болып отыр. Бұны оралмандар көшіқон органдарындағы қағазбастылық пен бюрократизмнен көріп отыр", - деді Жамбыл Ахметбеков Ішкі істер министрінің атына жолдаған сауалында.

Мәселен, Қытайдан келген оралман Ауыт Мұхибектің айтуынша, Қазақстанның көші-қон органдары олардан негізсіз екі анықтама талап етеді, олар: келген елдің рұқсат қағазы (келу қағазы) немесе 5-і нөмірлі Қазақстан Республикасына тұрақты келуі жайлы рұқсат қағазы және сотталғаны, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны жайлы анықтамалар.

"Бұл анықтамаларды Қытайдың құзырлы органдары ешқалай да бермейді. Өйткені, азаматтарға төлқұжат берер алдында осы анықтамалар жинақталып, ескеріледі әрі төлқұжат тек шетелге шығатын азаматтарға ғана белгіленген тәртіппен ғана беріледі. Ол тәртіпті Қытайдың Бүкілмемлекеттік Халықтық құрылтайы бекіткен. Өстіп, "Қазақстанға көшпекші едім, маған, менің отбасыма осы екі анықтама беріңіз" деген адамға қытайлық құзырлы органдар өз заңдарындағы нормаларды көрсетіп, көзіңізді шұқиды. Қазақ билігінің сауатсыздығын бетіңе басып, мазақ қылады" деп жазады оралман ағайындар", - дейді Ж. Ахметбеков.

Осылайша, Қытай тарапы өз азаматтары төлқұжат алғаннан соң әлгіндей анықтамаларды бермейтін болса, Қазақстан билігі басы артық құжаттарды сұрап кедергіні қолдан жасап тұрғандай. "Екінші мәселе, бұрын Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқуға түскен қазақ жастары сол білім мекемесінің жатақханасына тұрақты тіркеуде тұрып, Қазақстанның азаматтығын алатын еді. Бұл жеңілдік те біраздан бері алынып тасталған. Оқуын бітірген соң жастар, Қазақстанның толыққанды азаматы болмағандықтан келген еліне кері қайтуға мәжбүр", - дейді Ж. Ахметбеков.

Осыған орай, депутат Ішкі істер министрінен елге келгісі келетін ағайындардан басы артық құжатты талап етуді және Қазақстанға оқуға келген шетелдік қазақ жастарына жеңілдікпен азаматтық беру мәселесін қарастыруды сұрайды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай