08 ақпан 2019 09:16

Депутат құрылыс компанияларының көпбалалы отбасыларға пәтер беруін ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© krisha.kz © krisha.kz

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова құрылыс компанияларының көпбалалы отбасыларға үй алып беруі керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова құрылыс компанияларының көпбалалы отбасыларға үй алып беруі керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнадағылардың мәліметінше, сенаторлар кәсіпкерлерді үйсіз-күйсіз жүрген жанұяларға көмектесуге шақырды. 

"Әсіресе, мол пайда тауып отырған құрылыс компаниялары қол ұшын созуы тиіс. Яғни, олар өздері салып жатқан тұрғын үйден көп балалы аналарға пәтер берсін. Еліміздің әр аймағында осы шаруаны қолға алуымыз керек", - дейді депутат.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық көпбалалы аналар билікке бірнеше рет үндеу жасаған болатын. Кездесулер Алматы мен Астанада өткен еді.

Сондай-ақ, Президенттің бұйрығымен осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети