11 қыркүйек 2014 12:11

Депутат Парламенттегі жалақыны Үкіметпен бір деңгейде арттыруды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Светлана Жалмағамбетова. ©vesti.kz Светлана Жалмағамбетова. ©vesti.kz

Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова Парламенттегі жалақыны Үкіметпен бір деңгейде көтеруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова Парламенттегі жалақыны Үкіметпен бір деңгейде көтеруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкіметке бағытталған ұсынысымды айтқым келеді. Елімізде биліктің үш тармағының бар екені белгілі - заң шығарушы, сот және атқарушы билік. Конституция бойынша биліктің барлық тармағы тең. Тиісінше, материалдық жағдайлары, моральдық қамтамасыз етілуі де бірдей, тең болуы керек. Өкінішке қарай, биыл нонсен болды - "А" тобының жалақысы көтерілген кезде, Үкімет мүшелерінің жалақысы артты, бірақ Парламент пен Жоғарғы сотта жалақы жоғарыламады", - деп мәлімдеді Жалмағамбетова палатаның жалпы отырысында.

Депутат биліктің үш тармағының да аппараты теңестірілуі керек екенін айтты. "Өкінішке қарай, бүгінде Жоғарғы сот аппараты Премьер-министр мен Парламенттің кеңсесіне қарағанда, аз жалақы алады. Сондықтан мен келешекте Үкіметке осы жайтты ескеруді және биліктің барлық тармағының материалдық жағдайын, жалақысын теңестіруді, Жоғарғы соттың материалдық қамтамасыз етілуін Премьер-министр кеңсесі аппаратымен теңестіруді ұсынамын", - деді депутат. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети