26 қазан 2016 10:44

Депутат Сергей Дьяченко өмірден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Latifundist.com © Latifundist.com

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздерге азалы хабарды жеткізуім керек, бүгін, бір сағаттай ғана уақыт бұрын, ауыр да ұзақ науқастан кейін әріптесіміз, Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Александрович Дьяченко өмірден озды", - деп хабарлады Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин. Депутаттар бір минут тыныштық сақтау арқылы құрмет танытты.

Төменгі палата төрағасы Сергей Дьяченконың қайда қызмет атқарса да Елбасының сенімді серігі болғанын атап өтті. "Сергей Александровичтің туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімізді жеткізгім келеді. Қазақстанның шынайы патриоты, осындай бір тамаша адам, досымыз, әріптесіміз мәңгі жүрегімізде қалады", - деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

Сергей Дьяченко 1952 жылдың 18 қыркүйегінде Ақмола облысының Шортанды ауылында дүниеге келген. Ол Парламент Мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің мүшесі.

2012 жылдан бері ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары. Қазақстан Республиксы Президенті жанындағы Кадрлық саясат бойынша ұлттық комиссия мүшесі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети