Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Депутат Тінікеев жол бойынан полицейлерді алып тастауды ұсынды

07 Қыркүйек 2016, 18:00
1

Депутат Мұхтар Тінікеев кейбір жол ережелерін бұзуға қатысты айыппұлдарды төмендетуге өзгерістер енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Мәжілісте жұмыс тобы "Жол жүру туралы" заңға депутаттық өзгертулер енгізу мәселесін талқыланды.

"Айлық есептік көрсеткіш жыл сайын өсіп жатыр. Жарты жыл ішінде 389 мың 374 құжат келіп түсіп, 16 миллиард теңге көлемінде 828 мың 899 құжат толтырылды. Жалпы көлемі 3,8 миллиард теңге болатын 210 мың 237 құжат толтырылды. Осыдан мынадай сұрақ туады. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге неліктен айыппұл салады? Бұл 829 мың азаматқа айыппұл салынғанын көрсетеді. Бұл мәселені парамен шешіп кеткен азаматтарды есептеменде осындай көрсеткіш болып тұр. Жол ережесін бұзатын жүргізушілердің саны азайған жоқ, көпшілігі сол жерде-ақ ақшамен барлығын шешеді. Сондықтан мен өзімнің өзгертулерімді енгіздім", - деді Тінікеев.

"Әрқайсымызда өзіміздің ойымызды айтуға құқымыз бар екенімен келісемін. Бірақ барлығымыздың жүргізушілердің ақша жинап алғысы келеді деп немесе жол-патрульдік қызмет тек ақша жинаумен айналысады деп айту дұрыс емес", - деді ІІМ вице-министрі Рашид Жакупов.

"Менде бір ұсыныс бар - жол бойында тұратын ГАИ қызметкерлерін алып тастайық. Жолда тек видеотіркеу құрылғысы тұрсын", - деді депутат.

Айта кетейік, осыған дейін Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев қазақстандық жүргізушілерге көлікті жүргізгенде темекі шегуге тыйым салуды ұсынған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай