Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Депутаттар Алматыда жол жүру билеттерін енгізуді мақұлдады

27 Қаңтар 2016, 13:42
0

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру билеттерін енгізу бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Дәурен Әлімбеков 2016 жылдың 1 наурызынан бастап жолаушылардың жеңілдігі бар категориясының тізімі кеңейетінін айтып берді. "Бұл жолаушылар есебін жасауға мүмкіндік береді, оның ішінде жеңілдікпен жол жүретін азаматтардың есебін түгендеуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, жеке тасымалдаушылардың шығынын жабуға мүмкіндік береді", - деді ол.  

Әлімбековтің айтуынша, қағаздан жасалған жаңа жол жүру билеттер енгізілмейді. "Оңай" карталары азаматтарда қала береді. Енді жолаушылар балансты толтырғанда бір реттік жол жүру ақысын немесе бір айлық жол жүру ақысын төлей алады. Мысалы студенттер балансқа бірден 3000 теңгені "айлық жол жүру ақысы" деген тарауда салады да қоғамдық көлікпен шектеусіз жүре алады. Алайда жолаушылар әр автобусқа отырған сайын карталарды аппаратқа тигізуі керек деген талап бар. Себебі тасымалдаушылардың арасындағы қаражатты әділдікпен үлестіру керек", - деді басқарма басшысы. 

Осыған дейін ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында қала әкімі Бауыржан Байбек "Оңай" жүйесіне қатысты мәселені көтерген еді. Біз бүгін екі миллиард теңгеге субсидиялаймыз. Оларды бюджетке сала тұрамыз. Сосын, табыстың өсуіне байланысты көре жатармыз", - деді әкім. 

Алматы қаласында қолма-қол төлем жасап, жол жүру биылғы 11 қаңтарда толықтай алып тасталған еді. Ақша берген жолаушы билетсіз адам ретінде саналып, айыппұл төлейді. Өз кезегінде жолаушыларды билетсіз тасымалдаған жүргізуші де айыппұл арқалайды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай