Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Депутаттар балаларға арналған автокреслолар туралы норманы бір жылға шегеруді сұрады

14 Қаңтар 2015, 12:43
3
©Krokha.ru
©Krokha.ru

Депутаттар балаларға арналған автокреслолар туралы норманы бір жылға шегеруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында.

"Құрметті Кәрім Кәкімжанұлы, "Ақ жол" депутаттық фракциясы Сізден мына мәселелерді қарастыруды сұрайды. Біріншісі: осы айтылған нормаларды (балаларға арналған автокреслолар туралы) іске асыруды және автокөліктерді балаларға арналған орындықтармен жабдықтауға өтпелі кезең ретінде 12 ай уақыт беру. Мәселен, 2006 жылы Ресейде осыған ұқсас норманы енгізу бір жылға кейінге қалдырылған еді. Екіншісі: көрсетілген мерзім бойында заңның бұл нормасын қайта қарап, автокреслоларды 6 жасқа дейінгі балаларға міндетті түрде жабдықтап, ал 6 мен 12 жас аралығындағы балалар үшін норманы кеңес ретінде жасаудсы ұсынамын. Ал қазіргі ережелерге сәйкес, барлық жолаушыны қандай жағдай болмасын, қауіпсіздік белбеуін тағуға міндеттеу керек екенін ескеру керек", - деді депутат Меруерт Қазбекова ҚР премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалын оқып отырып.

Мұнымен қатар, мәжілісмендер балалардың жасына байланысты сұрақтар қойды. Қазбекованың айтуынша, Бельгия мен Данияда балаларға арналған бекіту құрылғысы тек 3 жасқа дейінгілерге талап етіледі, ал Жапонияда 6 жасқа дейінгілерге талап етілген. Финляндияда 3-12 жас аралығындағы балаларға автокресло қолдануға кеңес етіледі, бірақ міндетті емес. "Осы заң жобасын талқылау барысында "Ақ жол" фракциясының депутаттары еуропалық тәжірибенің негізінде 12 жас емес, 7 жасқа дейінгі балалар үшін бекіту құралын міндеттеуді сұрады. Бірақ нәтижесінде Ішкі істер министрлігінің көзқарасы басым болды", - деп мәлімдеді депутат. 

Ол осы норманың қоғамда дау тудырғанын айтты. "Қазіргі уақытта республикада 4,5 миллион автомобиль тіркелген", - деді ол, БАҚ-тардағы мәліметке негізделіп. - Жүргізушілердің төрттен бірінің баласы бар деп есептеп көрсек, онда 1 миллионға дейін автокресло сатылымда болуы қажет. Бұл мүмкін емес. Ал егер жаұяда үш немесе одан да көп бала болса ше? Олар үшін мұндай шығын қиындық тудыруы мүмкін. Мұнымен қатар, шағын көліктерде балаларға арналған бірнеше орындық орнату мүмкін емес. Нәтижесінде нарықта дүрлігу туды, автокреслоларға ойдан құралған баға қойылды. Осылайша, заң талаптары мен ережелерді дереу орындау мүмкін емес болып көрінеді және жемқорлық құқықбұзушылықтардың көбеюіне жола ашады", - деді депутат.

Сонымен қатар, Қазбекова баласы бар азаматтарды такси мен жолаушы көліктердің тасымалдаудан бас тартатынын, ал таксопарктардың балаларға арналған автокреслоны орнатқаны үшін 200-300 теңге қосымша төлем талап ететінін айтты. "Бұл норма әсіресе ауыл тұрғындарына күрделі мәселе тудырады, олар ылғи жолаушы көлікпен жүре алмайды", - деді ол.

Оның сөзін Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов та қолдады. "Құрастырушылар және бұл заңды қабылдаған комитет төрағасы мәселеге тереңірек қарап көруі керек. Депутат Қазбекова дұрыс айтты, бұл - жемқорлыққа апаратын жол. Одан қалды дәрі қобдишасы бар... Оның ішінде міндетті түрде үш бинт болуы керек. Ал егер 2 бинт болса ше? Ал егер біреуі үлкен болса? Бұл бәрібір де жолда тұрған сержантқа жүргізушіні жазалауға құқық береді, ешкім ештеңені дәлелдей алмайды ғой... Ол "Үш бинт болуы керек, үш бинт қайда. 12 жасқа дейінгі балаларға автокресло болуы керек" дейді. Мұнда біздің жұмыс комиссиямыздың шалағайлығы көрінеді", - деді ол.

Еске сала кетейік, 2015 жылдан бастап жаңартылған жол ережелері күшіне енді. 7 қаңтардан бастап заңнамаға енгізілген түзету күшіне енді, оған сәйкес, 12 жасқа дейінгі балалар автокөлікте балаларға арналған орындықпен ғана тасымалдануы қажет. Мұнымен қатар, өзге де жол қозғалысы ережесіне байланысты өзгерістер енді: күндіз көліктің жарығын міндетті түрде жағып жүру керек, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тоқтатқанда жүргізушілер автомобильден шықпауы керек, жол бойында көлікті тоқтатуға болмайды және тағы да басқа талаптар бар.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай