Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Депутаттар жол-көлік оқиғасын тағы жасаған Үсеновке ашулы

15 Қараша 2014, 20:00
0
Суретті Тұрар Қазанғапов түсірген
Суретті Тұрар Қазанғапов түсірген

"Депутаттар тағы да жол көлік оқиғасын жасаған Мақсат Үсеновке ашулы" деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Егер оны жүргізушілік құқығынан айырған болса, онда оның көлік басқаруының өзі-қылмыс. Сондықтан, менің ойымша, оның орны түрме. "Бүкірді мола ғана түзетеді" демей ме?! Айтарға сөзім жоқ, бұл барып тұрған арсыздық. Бәлкім ол аяғы жерге тимей жүрген шығар?! Өзін ешкімнің жазаға тарта алмасына сенетін шығар?! Тағы да сол үшін күйіп-пісетін байғұс ата-ана, енді оны арашалап әлек болады" деді Мұхтар Тінекеев.

"Мұндай адамдар көлік басқарып жүргенде, жолда жүрудің өзі қауіпті" деп атап өтті депутат. "Мен өзім көлік жүргізем, жолыңды кесетін, болмайтын жерде қуып өтетін осындай арсыздарды жолда жиі көрем" дейді ол.

Коммунистік партияның өкілі, депутат Владислав Косарев бұл оқиғаға қатысты ойын ашумен білдірді. "Менің ойымша, Бас прокуратура бұл істі өз бақылауына алуы керек. Егжей-тегжейлі тексеріп, жауапқа тарту керек. Ол бұған дейін адам өлтірді, сондықтан заң құрығынан құтылып кетпеуі тиіс. Сол кезде-ақ оны түрмеге жабу керек еді. Ал, оны бостандықта қалдырды, міне нәтижесі" деді ызаға булыққан депутат.

Депутаттың сөзіне қарағанда, қоғам дүрлікпес үшін, оны тек көлік басқару құқығынан айырып қана қоймай, қылмыс құралы ретінде оның көлігін де тәркілеу керек. "Оған қорған болып жүрген ГАИ қызметкерлерін погоннан айыру қажет" деді ол.
Сондай-ақ Косарев сарапшылардың "Үсенов тағы да жазадан құтылып кетеді" деген болжамына қатысты ойын білдірді. "Солай болуы әдан мүмкін. Ақша береді, тараптар келіседі, болды. Олай етуге болмайды. Мен бұл жайлы баяғыдан айтып келемін. "Тараптардың келісімі" дегенді ақшалылар жазадан құтылу үшін ойлап тапқан» деді ол.

Ал «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев телефон арқылы Алматыда конференцияда екенін жеткізді. Ол бұл жағдайдан хабарсыз екен. Бұл жайлы естігенде ашулы үнмен қысқа қайырды «менің ойымша, бұл жерде бос сөздің қажеті жоқ. Айтарға сөз жоқ. Мұны сот шешуі тиіс».

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай