02 қараша 2016 16:00

Депутаттар "Қорғас" ШЫХО орналасқан жерін қайта қарауды сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kazgazeta.kz © Kazgazeta.kz

Пленарлық отырыс барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа "Ақ жол" фракциясының депутаттары атынан "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын салу орнын қайта қарау, сондай-ақ қауіпсіздік және табиғи катаклизмалардан қорғау мақсатында басқа учаскеге ауыстырудың орындылығын зерттеу бойынша депутаттық сауал жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылғы 7 қазанда Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Мемлекет басшысының бастамасы бойынша және ҚХР басшылығымен келісушіліктер негізінде іске асырылатын "Қорғас" ШЫХО базасында көшпелі отырыс өткізді. Ауданда үлкен жұмыс жүргізілген: "Алтынкөл" теміржол станциясы және "Шығыс қақпасы" құрғақ порты салынған, Алматы - Қорғас көлік жолының құрылысы аяқталуда.

"Соңғы жылдары климаттың жаһандық өзгерістері табиғи апаттардың басқарылмайтынын және әлем бойынша бұзылыстар ауқымының өсіп келе жатқанын көрсетеді. Осыған сүйенсек, адам қолымен тұрғызылған ең күшті құрылыс та табиғи катаклизмалардан 100% қорғауға кепілдік бере алмайды", -  деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Ерлан Барлыбаев.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин осы мәселені бақылауға алуды сұрады.

"Бұл мәселе екінші рет көтеріліп отыр, өткен жолы оны В. Косарев көтерген болатын, сондықтан осы мәселені бақылауға алуды сұраймын, себебі халықаралық орталықтың қауіпсіздігі мәселесі өте маңызды", - деді Н. Нығматулин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети