11 маусым 2014 15:50

Депутаттар Көші-қон және қазақ диаспорасы агенттігін құруды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аzattyq.org ©Аzattyq.org

Мемелкеттік Көші-қон және қазақ диаспорасы агенттігін құру кезек күттірмес мәселе. Бүгін Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында Мәжілістегі "Ақ жол" партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков осылай мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемелкеттік Көші-қон және қазақ диаспорасы агенттігін құру кезек күттірмес мәселе. Бүгін Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында Мәжілістегі "Ақ жол" партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков осылай мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, арнайы агенттік құру ең алдымен қазіргі дүниенің дүрбелеңі артып отырған алмағайып заманда тәуелсіз еліміздің іргесін бекемдей түсетін ұлттық қауіпсіздіктің зор мәселесі. "Елімізде бүгінге дейін осындай орасан зор міндетті атқаратын мемлекеттік орган жоқ.Ішкі істер министрлігіндегі көші-қон департаментінің қызметі тек визалық рұқсат берумен шектелген. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы секілді қоғамдық ұйымдар мұндай жүкті көтере алмайтыны да анық. Сондықтан құлашын кеңге сілтейтін құзыреті бар Көші-қон және қазақ диаспорасы агенттігін құру күттірмес мәселе деп білеміз. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіріп отырған сәтте, шетелдегі қандастарымызды атамекеніне тарту арқылы қанатымызды қатайтып, керегемізді кеңейте түсудің маңызы үлкен", - деді депутат Нұрлан Жазылбеков Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында.

Сонымен қатар, мәжілісмен шетелдерде тұратын қазақ диаспорасының ұлттық болмысына төнген қатер жыл өткен сайын ауырлай түсіп отырғанын айтып өтті. Депутаттың сөзіне қарағанда, миллионға жуық қандастарымыз тұратын көрші Ресейде бірде-бір қазақ мектебі жоқ. Ал Қытай мен Өзбекстанда қазақ мектептерінің саны жыл сайын кеміп отыр.

"Шетелдегі қандастарымызбен мәдени байланысты күшейтуге міндеттелген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жұмысы сын көтермейді. Қауымдастық бар болғаны қоғамдық ұйым ғана. Осы себептен мемлекеттік көші-қон және диаспора агенттігін құрудың маңызы ерекше. Израиль, Ресей, Германия және Қытай елдерінде өз диаспораларының құқықтық мүддесін қорғауға бағытталған арнайы мемлекеттік құрылымдар аса өнімді жұмыс істеп келеді. Көші-қон саясаты, дау жоқ, ұзақ мерзімге бағытталған кешенді жоба. Тәуелсіз қазақ елінің алдында тұрған қасиетті парызы тағдырдың жазуымен жат елдерде өмір сүріп жатқан өз қандастарымызды біртіндеп елге көшірумен қатар, олардың тұрғылықты жеріндегі мүддесін қорғау және ұлттық болмысын сақтауына да ерекше қамқорлық көрсету", - деді Нұрлан Жазылбеков. Бұл ретте Мәжіліс депутаты елімізде бүгінге дейін осындай орасан зор міндетті атқаратын мемлекеттік органның жоқтығына назар аударды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети