04 қараша 2015 09:48

Депутаттар "оралман" терминінен бас тартуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "оралман" деген термин түбегейлі жойылуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Қазақстанда "оралман" деген термин түбегейлі жойылуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, сенаторлар бұл атауға тағы қарсылық білдіріп, мүлдем бас тартуды ұсынды.  

"Қай жақтан табады осы "оралман" деген сөзді. Ағылшын мен қазақ тілінің қосылған сөзі ме сонда? Сен оралдың ғой дегендей, көкірегінен итергендей. Олардың тағдырын ескере келе, меніңше, оны қайта қарау керек. Олардың өзімен де ақылдаса отырып, көңілінен шығатын сөз табу керек", - деді Сенат депутаты Икрам Адырбеков.

Сенатор Адырбековтің айтуынша, "оралман" деген сөз этникалық қазақтарды кемсітіп, олардың жергілікті жұртпен тең өмір сүруіне, ортаға  сіңісіп кетуіне кері әсер етеді. Оның үстіне еліміз тәуелсіздік алғалы қолданылып келе жатқан "оралман" термині әбден ескірген. Сондықтан, Икрам Адырбеков "оралманның" орнына "қандас", "отандас" сынды жаңа атауға ауысайық дейді.

Айта кетейік, кеше, "Көші-қон" туралы заңды талқылаған жоғары палата осылайша атамекеніне келген қазақтарды жұмыспен қамту, азаматтық беру, әлеуметтік жағдай жасаумен қатар оларға жаңа атау беру мәселесін де қозғады. Ұсынысты Әлеуметтік даму министрлігіндегілер де қолдап отыр. Шенеуніктер тіпті елдегі кез келген бүлікті оралмандарға сырып қоятын әдетіміз бар деп ағынан жарылды.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети