Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Депутаттар саяжайлардан қуылғандардың мәселесін көтерді

21 Мамыр 2014, 15:05
0
Фото с сайта vsluh.ru
Фото с сайта vsluh.ru

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары саяжайларынан қуылған қазақстандықтардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі палатаның пленарлық отырысынан. 

"Біздің фракция саяжайларда және бақтарда тұратын қазақстандық азаматтардың құқығын қорғау туралы мәселені жиі көтеріп жүр. Қаңтар айында біздің фракцияның депутаты өз саяжайларынан, жер телімдерінен айырылып, қаңғыбасқа айналған адамдардың мәселесіне байланысты депуттатық сауал жолдаған болатын. Саяжай иелеріне өтемақы ретінде болмашы тиын-тебен ғана төленеді. Осы сауалға Үкімет "бұл үлкен мәселе, бұл мәселені шешу керек деп" жауап берді. Ал қалай шешу керектігін ешкім айтпады" – дейді депутат Азат Перуашев тұрғын үйге қатысты заң жобасын ұсынған Аймақтық дамыту министрі Болат Жәмішевке қойған сауалында.

Перуашев атап көрсеткендей, тек Астана қаласының өзінде "Ақ жол" партиясына   "Соловушка", "Целинтяжстрой", "Зеленая поляна", "Урожай", "Газовая аппаратура", "Ударник" секілді саяжайларының 300-дей меншік иелері осы мәселеге қатысты бастарындағы қиындықтарды айта келген.

"Қазіргі таңда бәрімізге мәлім, Алматы территориясына бірталай жер телімдері қосылды. Осы жерлерде қаншама азаматтар тұрып жатыр. Ең қызығы біз оларға сол жерде тіркелуге рұқсат беріп қойдық. Енді адамдар өздерінің жатақханалардағы бір бөлмелерін сатып, жер алып, үй салуда, сол үйге отбасымен тіркеліп те алған. Мәселен, кәмелетке толмаған 4 баласы бар Серікбаева деген азаматша саяжайдағы жер теліміне шамамен 100 метр жерге үй салып алған. Бүгінде оған 2 миллион теңге өтемақы төленбек. Бұл ақшаға жатақхананың 1 бөлмесі ғана келеді. Сонда ол 4 баласымен қайда барады?", дейді депутат.

Депутат осы мәселенің көп ұзатпай шешімін табу қажеттігін айтты.  Он әріптесі Владислав Косарев те қолдады. "неге Астанадағы барлық саяжайларда халық тұрып жатыр. Өйткені вокзалдан түскендердің бәрін Астанаға тіркей бердік. Барлығына мүмкіндік бердік. енді азаматтар оқығысы келіп, жұмыс істеуге,, дұрыс өмір сүруге талпынып жатқанда мемлекет олардан теріс айналды. Бұлай істеуге бола ма? Адамдар жәндік емес қой. Сондықтан мемлекеттік органдар осы мәселені өз жауапкершіліктеріне алғаны жөн", деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, Астанада мемлекетке қажетті деп табылып, азаматтардан қайтарылып жатқан жерлер өте төмен бағаланып жатқаны хабарланған болатын. Астанадағы тұрғын үй басқармасының айтуынша, о баста бұл жерлер үй салуға арналмаған. "Мұндағы жылжымайтын мүлік тұрғын үй болып саналмайды, сондықтан да бұл жерлер бау-бақшаға арналған жер деп есептеліп, азын-аулақ өтемақы төленеді. Бұлар тіпті саяжай да емес, бау-бақшаға арналған жерлер. Сондықтан тек сот қана осы мәселеге қатысты шешім шығарып, құнын жоғарлата алады", дейді басқарма қызметкерлері. Ал "Ақ жол" партиясы барлық тұрғындарға бірдей өз үйлеріне сай тұрғын үй беруді ұсынып отыр.   

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай