24 ақпан 2014 13:00

Депутаттар статистика көрсеткіштеріне күмәнмен қарайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Мансұр Хамит ©Мансұр Хамит

Еліміздегі экономика салаларындағы статистика жұмыстарына көңіл толмайды. Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Сейітсұлтан Әйімбетов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілісменнің айтуынша, Статистика агенттігі жұмысындағы жетістіктерге қарамастан, статистикалық ақпараттың құрылымын озық халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізуге ұмтылу керек. "Ел экономикасын дамытуды талдау мәселесі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардағы көрсеткіштер біз үшін маңызды. Соған орай, Қазақстанда экономика, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, сонымен бірге халықты ауыз сумен, тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған 3 стратегиялық құжат, 3 стратегия, 2 доктрина, 25 тұжырымдама, 8 мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Алайда, өкінішке қарай бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша ағымдағы статистикалық көрсекіштерді табу тым қиын немесе олар мүлдем жоқ", - деді Мәжілістің экономика және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов. Оның айтуынша, Статистика агенттігі Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасындағы көрсеткіштер индикаторларына тек мониторинг қана жүргізіп келеді. Сонымен қоса, индустриялық даму бағдарламасына мониторинг көрсеткіштері тек мемлекеттік органдарымен ғана келісіліп, мұнда бизнес қауымдастықтың мүдделері ескерілмей келеді. "Бұған қоса экономикалық салалар бойынша басқа да бірқатар статистикалық көрсеткіштердің анықтығы күмән келтіреді. Агенттік пен министрліктердің статистикалық көрсеткіштері неліктен әркелкі екенін біз әлі күнге түсіне алмай келеміз", - деді С. Әйімбетов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети