11 шілде 2014 17:27

Депутаттық сауалдар ұсақтап кеткен жоқ па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©liter.kz фото ©liter.kz фото

Шілденің шіліңгір ыстығымен біздің халық қалаулылары тайлы-тұяғы қалмай жапа-тармағай демалысқа тарқасты. Бірақ олар жыл бойына не тындырды, мұны көбіміз ойымызға алып жатқан да жоқ секілдіміз. Сондықтан «Алаш айнасы» басылымы бұл олқылықты түзеп, Парламент қабырғасында көтерілген депуттатық сауалдарды сүзгіден өткізуде халық қалаулыларының ел мен қоғамды алаңдатқан мәселелерге қаншалықты ат салысқанын анықтап көруді жөн тауып отыр...


Шілденің шіліңгір ыстығымен біздің халық қалаулылары тайлы-тұяғы қалмай жапа-тармағай демалысқа тарқасты. Бірақ олар жыл бойына не тындырды, мұны көбіміз ойымызға алып жатқан да жоқ секілдіміз. Сондықтан «Алаш айнасы» басылымы бұл олқылықты түзеп, Парламент қабырғасында көтерілген депуттатық сауалдарды сүзгіден өткізуде халық қалаулыларының ел мен қоғамды алаңдатқан мәселелерге қаншалықты ат салысқанын анықтап көруді жөн тауып отыр...

Талқыны таза саяси мәселеден бастасақ. Жалпы, мәжілісмендер, негізінен, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге (70 пайыз) айырықша басымдық бергенін баса айта кетелік. Ал саясатқа келгенде, олар іркіліп қалып отырған. Мұны депутаттарымыздың саяси сауаты төмен немесе саяси еркі тұсаулы деп бағалаған жөн болар. Қалай дегенмен де оқырмандарға түсінікті болу үшін елдегі саяси оқиғаларға кеңінен тоқтала кетелік.

Былтырғы жылдың аяғынан бері қарай Қазақстан үшін Украинадағы оқиғаға қатысты және Еуразиялық экономикалық одаққа ену бойынша шешім қабылдау маңызды әрі сындарлы сәт болғаны белгілі. Украинаның біздің саясатқа не қатысы бар дерсіздер. Өйткені ол өз алдына жеке жатқан мемлекет қой. Алайда Жириновский, Лимонов сынды ресейлік саясаткерлер шабымызға ши жүгіртіп, қатты қытыққа тигені елдің әлі есінде. Олар Қырымдағы жағдай Қазақстанда да қайталанады-мыс дегенге саятын, халық үрейін туғызатын мәлімдемелер жасады. Осы негіздегі шабуыл үдеп бара жатқанда ғана депутаттарымыз әйтеуір дегенде үн қатты. Атап айтқанда, Н.Логутов, Н.Әлиев, В.Косарев, Н.Ниғматуллин, А.Перуашев сынды депутаттар биылғы жылы 26 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі атына Жириновский мен Лимоновты Қазақстан территориясына аяқ басуына рұқсат етілмейтін тұлғалар тізіміне енгізуді сұрап, депутаттық сауал жолдады. Онысы дұрыс та болды. Бірақ осыдан кейін халық қалаулылары Украина жайын мүлде ұмытып кеткен сынды. Мысалы, Украинада нақты нендей жағдай боп жатыр, одан қазақстандықтар белгілі бір деңгейде мақрұм болды. Тек ресейлік ақпараттар арқылы мәлімет алуда қазақстандықтардың құқығы белгілі бір деңгейде шектелді. Ал ресейлік ақпараттардың бұрмаланатындығын ресейлік журналистердің өздері баршаға жария етіп жатты. Оған «украиндықтарға қарсы үгіт-наситхат жүргізуден бас тартамыз» деп ресейлік бүтін бір сайт ұжымының өз еркімен жұмыстан кетуі айғақ бола алады. Бұл – біріншіден. Екіншіден, биыл Ресей ТМД елдерінің кез келген тұрғынына (орысына) азаматтық бере алатын «Қос азаматтық туралы» заңын қолданысқа енгізді. Тура осы тетік арқылы Украина елі ішіне іріткі түскенін есепке алсақ (Украинаның жергілікті халқына Ресей төлқұжаты таратылып берілді), оның белгілі бір деңгейде бізге де қаупі бары рас. Бірақ бұл ретте де мәжілісмендер ой айтуды жөн санамаған. Үшіншіден, Ресейдің әскери полициясы елімізге енгенде де оның мән-маңызын үріккен халыққа түсіндіру турасында сұрау салуға депутаттарымыздың құлқы болмады.

Төртіншіден, Ресейге төпеленіп жатқан санкциялардың Қазақстанға тигізер әсері туралы Үкіметке сұрау салуға еш депутаттың батылы жетпеген сыңайлы.

Дегенмен бұл арада мына бір фактіні атай кетелік: мәселен, А.Смайыл, Г.Сейтімағамбетова, Б. Смағұл сынды депутаттар құзырлы ведомствадан атақты Мұрын жырау атап кеткен Тілеген Сеңгірбайұлы жырлаған «Қырымның қырық батыры» атты жырды ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра комитетінің тізіміне енгізуді сұрапты. Бұл, бір жағынан, біз Қырымға бей-жай қарай алмаймыз, ондағы халықты қолдаймыз, ол да кезінде біздің, қыпшақ-ноғайдың жері еді ғой дегендей ымды білдіргендей болды. Үнсіз қалғаннан ымдаған да жақсы екен, бұған да тәубе дестік.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети