29 сәуір 2017 13:05

Депутаттық тимбилдинг: Парламенттегілер сенбілікке қалай барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстан Парламентінің депутаттары Астанада жалпықалалық сенбілікке қатысып, жүздеген ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Парламентінің депутаттары Астанада жалпықалалық сенбілікке қатысып, жүздеген ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл жолы Парламент мүшелері сенбілікке Ұлы дала даңғылының бойына шықты. Қала билігіне ағаш отырғызуда көмектесуге Мәжіліс және Сенат депутаттары қатысты. 

"Сенбілікке барлық депутаттар келді. Бұл жерде тек депутаттар ғана емес. Біз сенбілікті жақсы көреміз. Ұлы дәстүр. Ең бастысы, қаланың тазалығы мен сәні кіріп қалады. Өткен жылы біз арғы жақта ағаш отырғыздық, олар өніп, өсіп жатыр. (...) Мен сенбілікті мереке ретінде қабылдаймын. Себебі барлық адамдар келеді, көңіл-күйлері жақсы, көктем, қыстан шықтық", - дейді Владимир Божко. 

 

Мәжіліс депутаты Майра Айсина 1999 жылдан бері Астанада тұрып келеді екен, сол кезден бері ол барлық сенбілікке қатысқанын айтты. 

"Бір жолы мен іссапарға кеттім, сол кезде менсіз сенбілік өтпей қалатындай алаңдадым. Бүгін біздер  барлық әріптестеріміз мына жаққа қуана келдік. Негізінен осы көшенің ағаштарын мемлекеттік қызметкерлер мен Парламент мүшелері отырғызған. Маған қаламыздың жасыл болғаны ұнайды және осыған өз септігімізді тигізіп жатқаныма қуаныштымын. Біріншіден бұл өте әдемі. Қонақтар келгенде көрсете алатын дүниелер өте көп", - деді депутат. 

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазіргі кезде қалада ең мықты ағаштар мен бұталарды отырғызып жатқанына мән берді. 

"Жол жиегіне әрқашанда шыдамды әрі мықты ағаштарды отырғызамыз, олар көп уақыт бойы сусыз өсе береді. Мына жерден көліктер көп өтеді, уландырады", - деді Нығматулин. 

 

"Есіл" ауданының әкімі Ермағанбет Бүлекпаевтың айтуынша, ағаштар арнайы астаналық тәлімбағынан жеткізілген.

 

"Президент Әкімшілігі, премьер-министр кеңсесі және бірнеше басқа да ұйымдар, жалпы мұнда мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Барлығын құрал-сайманмен қамтамасыз еттік. Бұл жерде шамамен 250 депутат және олардың аппарат қызметкерлері жүр", - деді Бүлекпаев. 

Қала басшысы Әсет Исекешев қаланы айналып жүріп, депутаттармен кездесті. 

 

"Ескі қалада 19 саябақ салуды бастап жатырмыз. Онда балалар алаңы, спорттық жазғы жаттығу құрылғысы болады. Біз жыл сайын ағаш отырғызу жұмыстарын көбейтіп жатырмыз", - деді Әсет Исекешев. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети