“Детективті жақсы өмір сүріп жатқандықтан жалдамайды“ - депутат жаңа заңның қаупі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Детективті жақсы өмір сүріп жатқандықтан жалдамайды“ - депутат жаңа заңның қаупі туралы Фото:depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек сталкинг туралы бапты қолдану кезінде болашақ жеке детективтік қызмет туралы заңмен құқықтық қайшылықтарға жол бермеу маңызды екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжілісте өткен сталкингтің алдын алу және некеге мәжбүрлеу тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек сталкинг туралы бапты қолдану кезінде болашақ жеке детективтік қызмет туралы заңмен құқықтық қайшылықтарға жол бермеу маңызды екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжілісте өткен сталкингтің алдын алу және некеге мәжбүрлеу тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, сталкинг әрдайым некеге мәжбүрлеумен байланысты бола бермейді. Кейде бұл адамды қорқынышта ұстауға, оны бақылауға және үрей туғызуға бағытталған үрейлі мінез-құлық.

"Үнемі қалаусыз бақылау мен қудалау - бұл ең ауыр қылмыстардың бастамасы", - деді Базарбек.

Ол Қазақстан сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу арқылы таңдау жасап қойғанын атап өтті. Енді, депутаттың пікірінше, бұл норманың дұрыс жұмыс істеуі және құқық қолдану тәжірибесінде мәселелер туындатпауы маңызды.

Базарбек осындай мәселелердің бірі ретінде жеке ақпаратты жинауды атады.

"Мысалы, әлеуметтік желілер арқылы үрейлі бақылауды немесе жеке ақпаратты жинауды сталкингке жатқызуға бола ма?" - деп сауал тастады депутат.

Базарбек Парламент жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын жұмысқа алғанын еске салды. Оған сәйкес, жеке детектив шарт бойынша және клиенттің мүддесі үшін ақпарат жинай алады. Дәл осы жерде құқықтық қайшылық туындауы мүмкін, деп ескертті мәжілісмен.

"Жеке детектив қызмет көрсетеді, ақпарат жинайды, ал кейін оны сталкинг жасады деп айыптауы мүмкін. Өйткені жеке детективтің қандай ақпаратты жинауға құқығы жоқ, қандай ақпарат жеке болып саналатыны туралы нақты аражік жоқ", - деп түсіндірді ол.

Парламентарий заң шығарушыларға осы нәзік тұстарды алдын ала реттеу қажеттігін баса айтты.

"Детективті жақсы өмірден жалдамайды. Жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын да біз жайдан-жай қарастырып жатқан жоқпыз. Демек, ертең дәл осы детектив сталкинг үшін айыпталу қаупіне тап болуы мүмкін", - деп атап өтті Бақытжан Базарбек.

Парламентарийдің пайымдауынша, сталкинг туралы бап пен жеке детективтік қызмет туралы нормалардың "бір-біріне қайшы келмеуін" қамтамасыз ету маңызды.

"Біз заң шығарушылар ретінде ертең құқықтық қайшылықтарға тап болмау үшін осы нәзік тұстарды реттеуіміз керек", - деп түйіндеді ол.

Мән-жайы

2026 жылғы наурызда Мәжіліс депутаттары жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын қарауға алды. Құжат Қазақстандағы жеке детективтер қызметінің құқықтық негізін қалыптастыруы тиіс; оларға жеке және заңды тұлғалар жүгіне алады, ал қызметтер шарт бойынша көрсетілуі керек.

Сондай-ақ заң жобасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулер ұсынылғаны хабарланды. Атап айтқанда, детективтік қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салу ұсынылады, ал жеке детективтер тек лицензиясы болған жағдайда ресми жұмыс істей алады.

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы бойынша сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қолданылады. Мәселе адамның еркіне қарсы, зорлық-зомбылықпен байланысты емес, бірақ айтарлықтай зиян келтірген заңсыз қудалау - байланыс орнатуға тырысу немесе аңду туралы болып отыр.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.21   559.45   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +23
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +30
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +35
П
Павлодар +30
Петропавл +34
С
Семей +35
Т
Талдықорған +23
Тараз +31
Түркістан +27
О
Орал +30
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер