28 шілде 2014 19:41

Девальвацияның қайталануы туралы сыбысқа сарапшылар түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

 Девальвацияның қайталануы туралы сыбысқа сарапшылар түсінік берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Естеріңізге сала кетейік, елімізде соңғы рет девальвация үстіміздегі жылдың ақпанында болды.


 Девальвацияның қайталануы туралы сыбысқа сарапшылар түсінік берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Естеріңізге сала кетейік, елімізде соңғы рет девальвация үстіміздегі жылдың ақпанында болды.

"Альпари" компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрованың айтуынша, теңгенің құнсыздануы туралы сыбыс тек теориялық болжамдарға сүйеніп айтылуда. Алайда девальвацияға қатысты нақты негіз жоқ. Теңгенің құлдырайтыны туралы ақпарат соңғы екі айда толастаған емес, бірақ бұл қитұрқы ақпарат", дейді сарапшы. 

Сондай-ақ Бодрова 2014 жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі алты айда Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі алтынвалюта қоры 7,1 пайызға, 26, 5 миллиард долларға өскенін, халықаралық жиынтық резерв 103,1 миллиардқа (+7,9 пайыз) жеткенін айтты. "Егер Ұлттық банк теңгенің құлдырайтынын болжаса, алтынвалюта қоры бұдан да жылдам өсер еді. мамыр мен маусым айының аралығында алтынвалюта қоры аз ғана өсті. Ұлттық банк кейінгі кезде теңгені сәл арзандату үшін шетелдік валюта сатып алмады. Доллар курсына арналған реттеуші  коридор 182-188 теңге болып қала береді" дейді маман. 

Өз кезегінде "Асыл Инвест" АҚ сараптама департаментінің директоры Айвар Байкенов те қазіргі таңда теңгенің девальвацияға ұшырауына қатысты қауіп болмашы ғана екенін айтты. "Бүгінде еліміздің алтынвалюта қорның төмендегі байқалады. Бұл теңгенің курсын тұрақтандыру үшін қажет. Теңгенің құнсыздануы туралы ақпарат спикуляцияны күшейтті. Ұлттық банк бүгінде осы спикуляциямен күресуде", деді ол. 

Байкеновтың айтуынша, халықтың ұлттық валютаға деген сенімі аз болғандықтан осыны пайдаланған спекулянттар өз пайдалары үшін халық арасында қасақана үрей туғызады. Девальвацияның қайталану қаупі қазір халықты алаңдатып отыр. Сондықтан барлығы теңгеден валютаға көшкісі келеді. Сондай-ақ сарапшы қазіргі  ішкі нарықтағы жағдайға, Қазақстанның макроэкономикасына, рубльдің курсына байланысты теңгеге біраз қысым болып тұрғандығын атап өтті. Осыған орай ол доллардың Ұлттық банк бекіткен 182-188 коридорынан бір-екі сатыға жоғарылауы мүмкін екенін де айтты.  

Айта кету керек, теңгенің девальвациясы қазір қызу әңгіме болуда. Бұған дейін қазақстандық БАҚ Қазақстанның Ұлттық банк активтері төмендеуіне байланысты теңге де құлдырайды деген ақпарарт таратқан болатын. Сондай-ақ еліміздің алтынвалюта қорының динамикасы да алаңдауға себеп болғаны айтылған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети