19 ақпан 2017 13:53

Димаш Құдайберген Қытайда I'm in China жобасының тұңғыш елшісі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың Hunan TV арнасындағы I am a Singer байқауына қатысып жатқан Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайдың Сычуань өлкесіндегі пандалар бағына барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Қытайдың Hunan TV арнасындағы I am a Singer байқауына қатысып жатқан Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайдың Сычуань өлкесіндегі пандалар бағына барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Әлемдік жануарларды қорғау ұйымының логотипінен панданың суретін көргенде "не себепті дәл осы жануар қызыл кітапқа еніп жатқан мыңдаған тіршілік иесінен бірінші орында, үлкен назарға ие" деп ойлайтын боларсыздар?! Бұл жануар әлем бойынша 2000-ға жуық қана саны қалыпты. Өмір сүрулері ерекше! Мінездері адамға ұқсас. Ренжіп қалады, еркелейді!... Мен кеше олармен кездестім... 
Қытайдың Сычуан өлкесі жер жүзіндегі барлық панданың Отаны! Чанду қаласына арнайы ұшып барып, осынау сүйкімді жануарлармен жақынарақ таныстым. Әлем бойынша тұңғыш рет "I'm in China" жобасы аясында пандалармен жүздескен ресми 1-ші Елші атандым! Ақыл-санасы жетік әр адам баласы Алланың жаратқан әр тіршілік иесіне мейіріммен қарауы тиіс!", - деп жазды жас әнші өзінің Іnstagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар әншінің PR-менеджері әрі досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаш Қытайдың Чанду қаласында тұрғындарымен кездесіп, тілдесті. Жергілікті тұрғындар Димашқа деген өз ілтипаттарын білдірді. Ол Сычуань провинциясының Чанду қаласында сол жергілікті тұрғындардың ежелгі дәстүрімен, атақты шәй демдеу рәсімін үйренген. Сондай-ақ Димаш осы саяхат барысында Сычуань операсын тамашалады.

Қазақстандық жас әншінің әкесі Қанат Айтбаев Facebook желісіндегі өзінің парақшасында Димаштың бала кезінде берген сұхбатының видеосын жариялады. 

  

Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің өзіне жат стильдегі әнді орындайтыны хабарланған болатын. Ол бесінші кезеңде Bruno Mars репертуарынан "Uptown Funk" әнін орындап шықты

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының үшінші кезеңінде үшінші орын алған еді. "Сүйінші, Достар! Димаш келесі кезеңге жолдама алды - жалпы есепте 1-орын!", - деп жазған еді әншінің өкілі. Сонымен қатар, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін орындаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети