Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Диспетчер пилотқа айналаны көру мүмкіндігінің нашар екенін ескерткен - "Аспан" әуе компаниясының иесі

28 Қаңтар 2016, 12:22
0
© Аrtsfon.com
© Аrtsfon.com

Алматы облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың экипажына диспетчер көру мүмкіндігінің нашар екенін ескерткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Аспан" әуе компаниясының иесі Андрей Косолапов айтып берді.

"Қазір біз көлікпен апат болған жерге қарай бара жатырмыз. Тікұшақ әуежайға дейін бар-жоғы екі шақырым қалғанда ауа райының нашарлығына байланысты қонып, апатқа ұшырады. Дегенмен диспетчер оған көру мүмкіндігінің нашар екенін ескерткен. Бірақ пилот қону туралы шешім қабылдады. Тікұшақ радиобағанаға соққан, салдарынан бортта болғандар қаза тапты. Өте өкінішті жағдай", - деді ол.

Косолаповтың айтуынша, компанияда осы типтегі төрт тікұшақ болған, қазір тек үшеуі қалды. Еске салайық, 27 қаңтар күні Алматы облысында тікұшақ апатқа ұшырады. Бортта болған бес адам түгелдей қаза тапты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай