12 желтоқсан 2018 17:25

Джейкобс Головкиннің алдын орап кетпекші

ПОДЕЛИТЬСЯ

IBF белбеуін иеленген америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (50-1-2, 34 КО) жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты BoxingScene порталына сілтеме жасап.


IBF белбеуін иеленген америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (50-1-2, 34 КО) жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты BoxingScene порталына сілтеме жасап.

Джейкобстың айтуынша, ол 15 желтоқсанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін "Канело" мен екінші орта салмақтағы WBA чемпионы британиялық Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) жекпе-жегін тамашалайды.

Джейкобс "Канело" осы күні қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасады деген сөздерге қарамастан мексикалықпен 2019 жылы 4 мамырда жекпе-жек өткізгісі келеді.

"Канелоны" көздеп жүргенім жасырын емес. Сондықтан барамын бокс кешіне. Мұнан басқа жекпе-жекті осылайша қалаған емеспін. Бүкіл бокста мұндай ғаламат кездесу таппайсың. Істеу керекті істедім - Деревянченконы жеңдім. Жұдырықтасуға ешкімнің батылы жепеген жігіт. Белбеудің бірін иелендім. Оларды біріктіретін уақыт келді. Орта салмақта ең мықты мен екеніме сенімдімін. "Канело" өзін мықтымын деп жүр. Осыны енді анықтайық. "Канеломен" өтетін жекпе-жегім әлемдік бокстағы ең ірілердің бірі болуы мүмкін. "Канело" жанкүйерлерге күткенін берейік, 4 мамырда жұдырықтасайық", - деді Джейкобс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети