АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстанға шақырту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстанға шақырту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Джон Керридің Алматының алмасы туралы жазған жазбасын бөлісті және оны Қазақстанда күтетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Алматы апортын мақтады. Қолөнершілердің экономикалық форумында сөз сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстаннан алған базарлығын көрсетті - киізден жасалған апорт. "Бұл алманы мен жаңа ғана алдым. Бұл Қазақстаннан келген кәдесый, дәлірек айтқанда Алматыдан. Ол жергілікті киізден бастырылыпты. Алматыда дәл осындай үлкен алмалар өсіріледі екен. Біздің Жаңа Англияда биыл алма аз шықты, сол жақтан ораларда мен оларға мұны көрсетіп, былай демекпін: "Жігіттер, бірлесіп жұмыс істеуді бастаңдар! Ол шынымен өте әдемі!", - деді Керри.