01 қараша 2017 17:06

Діни басқарма Алматы облысында молдаван әжейге үй салып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚМДБ баспасөз қызметі © ҚМДБ баспасөз қызметі

Діни басқарма жанындағы "Зекет" қоры Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылында өмір тауқыметін тартқан, асыраушысы жоқ отбасыға үй салып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Діни басқарма жанындағы "Зекет" қоры Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылында өмір тауқыметін тартқан, асыраушысы жоқ отбасыға үй салып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Рогоза Галина әжейдің бір қызы қауіпті дертке шалдығып, жұмысқа жарамсыз болып қалған. Одан бір немере қызы бар. Жоғарғы білімі жоқ, күнделікті диқаншыларға жалданып, егістікте жұмыс істейді. Одан үш шөбере бар, екі ұл, бір қызы мектепте (7-6-3 сыныптарда) оқиды.

Ұлты молдован кейуана мешіттен азық-түлік, қаржылай көмек алып, кейін үйлерінің апатты жағдайда тұрғанын айтып, арыз жазып келеді. Имамдар тексере келе үйлерінің расында да апатты жағдайда екенін көріп, жаңа үй салып беруге шешім қабылдаған.

Нәтижесінде дін қызметкерлері тұрмыс тауқыметін тартқан отбасына зәулім үй салып берді. Салтанатты шараға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы қатысып, үйдің кілтін табыс етті.

"Дамыған, өркениетті елдердің деңгейі қайырымдылық шараларының көптігімен өлшенеді екен. Мұндай үрдіс біздің қанымызға сіңген, дәстүрімізде де бар. Қазақ халқында сақталған игі дәстүрлердің бірі - асар, жылу жинау. Ағайынның, ауылдастың немесе кез келген адамның басына күн туғанда оған жанашырлық танытып, қаржы, көмек жинап береді. Мәселен, су тасқыны, зілзала, өрт сияқты табиғи апаттарда, не бір адам ауыр науқастан емделуге қаржы таппағанда және тағы басқа да жалғыз өзі шеше алмайтын қиындықтарға тап болғанда қоғам болып бірге көтерісіп, жәрдем берген. Осындай игі дәстүрімізді жаңғыртып, амал етуіміз керек. Ислам деген - осы. Айналаңдағы адамдарға қол ұшын созып, көмек көрсету үлкен сауапты іс", - деді журналистерге сұхбат берген Ержан қажы Малғажыұлы.

Рогоза Галина ислам дінін қабылдап, намаз оқығанына 19 жыл болған. Ал, шөберелері жыл сайын мешіттің сауат ашу курсынан білім алады. Қарт әжей жақсылық пен ізгілік Алладан деп біледі. 

"Біз ескі үйіміз қашан құлап қалар екен деп ұйықтай алмайтынбыз. Балаларым үшін қатты уайымдайтынмын. Осы үйде 7 жыл тұрдық. Жаратқаннан тілейтінім отбасымның амандығы болатын. Көп қиыншылық көрдік. Қасымбек ауылының мешіті жиі көмектесіп тұрды. Кейін имамдарға барлық жағдайымды айтып, жеткіздім. Содан соң бәрі бір күнде басталып кетті. Енді жаңа үйде қоныс тойын тойлап жатырмыз. Бұл үлкен қуаныш. Жақсылық пен ізгілік Алладан деп білемін. Осы іске атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтамын. Діни басқарманың «Зекет» қорының жұмысына береке берсін" - деп батасын берді Рогоза Галина.

Үйдің көлемі 140 шаршы метр, 4 бөлмесі бар. Жылы едені, жылы суы, таза ауыз суы тартылып, табиғи газбен қамтамасыз етілген. Үй ауласына брушатка тас төселіп, гүл егіліп жаңа заман талабына сай салынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети