03 қыркүйек 2019 17:09

Доллар қашан қымбаттайды - Сарапшы пікірі

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экономист Арман Байгенов алдағы апта мен айда шетелдік валютаның теңгеге шаққандағы қатынасына болжам жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Экономист Арман Байгенов алдағы апта мен айда шетелдік валютаның теңгеге шаққандағы қатынасына болжам жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Сарапшының пікірі бойынша, бір апта ішінде валютаға көптеген фактор әсерін тигізеді. Бұл жаңалықтың жақсы да, жаман да тұстары бар.

"Менің пікірімше, алдағы уақытта да өндіріс қысқаруы жалғасын табады (мұнай - Авт.), оның бағасы көтеріледі. Бұл теңгенің төмендеуін тоқтатады. Осы орайда айта кетерлік жайт, АҚШ мемлекетінде "Дориан" дауылы болды. Келтірілген зиянға орайлы қаражат толығымен есептелмеді. Егер де көп қаражатты құрар болса, доллар төмендеп, теңге күшейеді.

Бірақ ұлттық валютаның жағдайы нашарлау. Біріншіден, Қытай және АҚШ мемлекеттері арасында шиленіс әлі де сақталып тұр. Рубль санкция әсерінен құлдырап жатыр. Осының барлығы теңгеге қысым келтіреді", - дейді Арман Байгенов.

Сарапшының сөзіне сенсек, апта аяғына дейін ұлттық валюта тұрақталып, доллар құны биржада шамамен 387 теңге болады. Дегенмен, қыркүйектің соңына дейін бізді жаңа рекорд күтеді екен.

"Рубль теңгеге шаққанда қатты құлдырауды, ал бұл бәсекеге қабілеттілік пен сауда балансын сақтау жолында жаман жағдай", - дейді Арман Байгенов.

3 қыркүйекте KASE-де жаңа рекорд тіркелді: доллар 388,2 теңгеге сатылған. Алдыңғы сессияда бір доллар бағасы 388,13 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында долларды 390 теңгеден жоғары бағалап жатыр, бұл да тарихта қалар бір көрсеткішке жатады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети