12 ақпан 2019 11:12

Доминикан Республикасынан экстрадицияланған қазақстандықтың қандай күдікпен ұсталғаны айтылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марина Орумбаева (Невская) Марина Орумбаева (Невская)

Доминикан Республикасынан экстрадицияланған қазақстандық Марина Орумбаева туралы жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Доминикан Республикасынан экстрадицияланған қазақстандық Марина Орумбаева туралы жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Марина Орумбаева 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Оған Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекетке "9 миллион теңгеге жуық сомаға залал келтіре отырып", "сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды" деген күдікпен іздеу жарияланған. 2008-2009 жылдары болашақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры іс жүзінде орындалмаған қызметтер үшін мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша төлемдер жүзеге асырған. 

"Осы арқылы ол мемлекетке 9 миллион теңге көлемінде шығын келтірді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 176 - бабына сәйкес қылмыс жасады деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Марина Орумбаева 1976 жылы Семейде туған, Доминикан Республикасынан 9 ақпанда экстрадицияланған. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторында. Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның сұратуын шетел билігі өзара қағидаларына байланысты қанағаттандырып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети