12 наурыз 2014 16:56

Домофон ақысы негізсіз көтерілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылжарда домофон ақысы негізсіз көтерілді. Мұндай өзгеріс тұтынушылардың наразылығын туғызды. Осыған байланысты тұрғындар монополияға қарсы испекцияға шағымданған. Қазір мамандар тексеріс жұмыстарын бастап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала бойынша домофон орнататын 9 компания бар. Шаһардағы көп қабатты үйлердің 90 пайызы аталған қызметті пайдаланады. Жаңа жылдан бастап олардың алтауы қызмет көрсету бағасын 50 теңгеге өсірген. Нәтижесінде абоненттік төлем айына 250 теңгеге жетті. Республиканың кейбір аймақтарында домофон қызметі 100 теңге тұрады екен. СҚО бойынша монополияға қарсы испекция мамандары 2-3 ай көлемінде тексеру жұмыстарын аяқтап, заң бұзушылықтар анықталса, тиісті шара қолданбақ. "Тергеу барысында заң бұзушылық анықталар болса, аталған компанияларға көрсететін қызметі үшін тиісті баға белгілеуге нұсқау береміз. Және монополиялық табыстың 5 пайызы айыппұл ретінде өндіріліп алынады. Бұл қаржы бюджетке түседі" - деді СҚО бойынша монополияға қарсы инспекция жетекшісі Арман Өтегенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети