13 желтоқсан 2019 13:01

Дональд Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп жеделхатында елінің және жеке өз атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтады

"Берік серіктестігіміздің арқасында соңғы 12 ай ішіндегі қол жеткізген жарқын жетістіктерімізді зор қуанышпен атап өткім келеді. Біздің ядролық қаруды таратпаудан бастап терроризмге қарсы күреске дейінгі мәселелерді шешу ісіндегі ынтымақтастығымыз әлемді едәуір қауіпсіз әрі тұрақты етті", - делінген жеделхатта.

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті ретінде Тәуелсіздік мерекесін алғаш атап өтіп отырғанын айтып, жаңа жылдың табысты болуына тілектестік білдірген.

"Америка Құрама Штаттары Сізбен және Қазақстан халқымен жемісті жұмыс істеуге дайын. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Қазақстанның болашағы жарқын әрі табысты болады деп сенемін", - делінген АҚШ Президентінің құттықтауында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети