08 тамыз 2014 13:43

Доп өндіретін зауыт жеке қаржыға салынады - Исекешев

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. ©pm.kz Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. ©pm.kz

Инвестициялар және даму министрлігінің басшысы Әсет Исекешев доп өндіретін зауыты құрылысы жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін зауыт құрылысына 130 млн доллар жұмсалатыны хабарланған болатын. Ол туралы бұрынғы Спорт және дене шынықтыру агенттігінің басшысы Тастанбек Есентаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтқан болатын.

Әсет Исекешев өзінің Facebook-тегі парағында бұл жобаның Индустриализация картасына енетіні және оның құны 130 млн доллар екені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. "Журналистер дұрыс түсінбеген болуы керек. Бұл жоба және бізге таңылған басқа да жобалар сияқты Индустриализация картасында жоқ. Есентаевтың білуімше, әңгіме спорт саласындағы бірқатар жоба төңірегінде болған. Бұл жобалардың бюджеттен іске асырылмайтыны анық. Менің анықтауымша, кәсіпкерлер 500 мың долларға дейін баратын жеке қаражаттарын спорт тауарлары, соның ішінде, доп өндірісіне аударған. Инвестиция көлемі 130 млн доллар болатын доп өндірісі жөніндегі ешқандай жоба жоқ", - деп мәлімдеді Исекешев.

Бұған дейін Есентаев Қазақстанда доп өндіретін зауыт қана емес, 16 спорттық-сауықтыру нысаны салынатынын да хабарлаған еді. Оның айтуынша, сонымен бірге, түрік серіктестермен бірге спорт велосипедтері мен шаңғы жабдықтарын өндіретін шағын зауыттарды ашу да жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети