17 маусым 2016 15:00

Допинг дауы спортшылардың Олимпиада ойындарына қатысуына әсер етпейді - Мұхамедиұлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Парламент палатасының мәжіліс залы сыртындағы болған талқылау барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы допинг дауына қатысты соңғы жаңалықтарды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент палатасының мәжіліс залы сыртындағы болған талқылау барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы допинг дауына қатысты соңғы жаңалықтарды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, қазақстандық ауыратлеттерге қатысты дау алдағы Олимпиадаға еш әсерін тигізбейді. Сонымен қатар, министр қазақстандық басқа спортшылардың қанынан тыйым салынған дәрі-дәрмектердің табылуы мүмкін екен деген қауесетті жоққа шығарды.

"Мен Олимпиадаға дайындықтың алдында әрбір спортшының допингке тексерілетінін сеніммен айта аламын. (...) Біздің спортшылардың барлығы допингке қарсы орталықта тексерістен өтті. Бірнеше ай бұрын біз бұл жағдайды мұқият бақылай алатын жаңа дәрі-дәрмектерді сатып алған болатынбыз", - деді мәдениет және спорт министрі. 

"Меніңше, бұл жағдай (допинг дауы) біздің спортшыларға алдағы жарыстарға жинақталуына, басқа қателіктерді жібермеуіне мүмкіндік береді. (...) Бұл дау біздің спортшыларға алдағы әрекеттерге ашық әрі әділ қарауға мүмкіндік береді", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, министр Қазақстанда алдағы Олимпиада ойындарына қатысуға 98 лицензияның бар екенін айтып өтті. 25 маусымға дейін тағы шамамен 10 лицензия беріледі деп күтіліп отыр.

"Әрине, әрбір спортшы мына жағдайға байланысты өздерінің жоспарларына үлкен өзгертулер енгізіп жатыр", - деді министр. 

"Біздегі сапаны тәуелсіз бағалау өкілі сынамаларды ашқан кезде сонда болды. Қазір біздің мамандар допингке қарсы орталықта спортшылардан табылған тыйым салынған заттарды зерттеп жатыр. 27 маусымда Халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы өтеді. Біздің ауыр атлетика федерациясының ресми өкілдері мен спортшылар да осы комиссияның отырысына қатысады. Отырыстан кейін ғана біз әр спортшыға байланысты нақты жауап бере аламыз. Қазір барлық спортшы - Ильин, Подобедова, Манеза мен Чиншанло Олимпиада ойындарына барынша дайындалып жатыр. Біз олардың ойынға қатысуына және дайындалуына бар мүмкіндікті беріп отырмыз. Әзірше олар ойындардан шеттетілді. Ешкім де олардың спортпен айналысу құқығын шектей алмайды. Мен Қазақстанның біздің спортшыларды қолдап отырғанына қуаныштымын", - деп қорытындылады сөзін Мәдениет және спорт министрі.

Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдары қазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін. Кейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растап, бес зілтеміршінің қанынан табылған заттардың күмән туғызғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети