20 ақпан 2017 17:34

Досаев Қызылордадағы шыны зауыты туралы: Бұл супермаңызды жобалардың бірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басшысы Ерболат Досаев Қызылордадағы шыны зауытының құрылысын аяқтаудың маңыздылығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басшысы Ерболат Досаев Қызылордадағы шыны зауытының құрылысын аяқтаудың маңыздылығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басты қиындық - құрылыс пен құрастыру жұмыстарын жеделдету. Қазіргі кезде құрылғылардың 100 пайызы қолымызда тұр, дайынбыз деуге болады, қалайы сияқты материалдарды алып жатырмыз. Бар мәселе құрылыс жұмыстарын аяқтауға тіреліп тұр", - дейді Досаев.

Ол Қызылода облысының әкімдігімен бірлесе отырып, бар күш корпус құрылысын аяқтауға жұмсалатынын айтты.

"Меніңше, бұл - супермаңызды жобалардың бірі. Өйткені өткен жылдың қорытындысын көріп отырмыз, үш аймақ бойынша бірінші кезекте мұнай өндіру құлдырады. Ал өзге аймақтарға қарағанда әртараптандырылмаған Қызылорда облысы үшін бұл аса маңызды - осы тектес және басқа да қарастырылып жатқан жобалар құру", - деп атап өтті Досаев. 

Оның айтуынша, зауыт құрылысы қазанда аяқталады.

"Зауыттың өзін іске қосуға уақыт керек, өйткені өндірілетін шынының сапалы болғаны маңызды. Басқа зауыттарды іске қосу тәжірибесі мұндайға уақыттың керегін көрсетіп отыр", - дейді холдинг басшысы. 

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметінше, Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңге қаражатты жымқырған. "Бәйтерек ҰБХ" Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласында табақ шыны өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысында "Orda Glass" ЖШС және оның мердігер ұйымы "Шымкентхиммонтаж" ЖШС арқылы 1 миллиард теңге жымқыру бойынша қылмыстық жоспар құрған. Қылмыстық жоспарға осы аталған ұйымдардың жетекшілері Д.Ибрашев , Ж.Исабек және М.Кожабаев тартылған", - делінген еді хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети