Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.00
EUR / KZT - 362.80
CNY / KZT - 47.57
RUB / KZT - 5.50

Дүйсенбіге қарай ауа температурасы қайта төмендейді

07 Ақпан 2014, 17:16
0
©Марат Әбілов
©Марат Әбілов
Дүйсенбіге қарай Қазақстан аумағында ауа температурасы қайта төмендейді деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" кәсіпорнының сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың болжамына қарағанда, ақпанның 8-10-ы күндері циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның аумағына ақырындап жылжып, кей жерлерде қар мен бұрқасынның болуына, желдің 15-20 м/с-ке күшеюіне, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақтың болуына әкеп соғады. "Жылы атмосфералық фронттың өтуінен болған аяздардың қысқа мерзімді төмендеуіне қарамастан, демалыс күндері және дүйсенбі күні ауа температурасы бұрынғыдай нормадан 8-13 градусқа төмен болады, солтүстікте және шығыста 23-33 аяз, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 15-25 градус аяз болады", - делінген хабарламада.

Алдағы дүйсенбіде республика бойынша ең төменгі температура Қазақстанның орталық бөлігінде байқалады. "Қарағанды облысында 10 ақпанда ең суық түн болады, температура 28-33 градус аязға дейін төмендейді, кей жерлерде 37 градус аяз болады", - дейді мамандар.

Еске сала кетейік, мұның алдында "Қазгидромет" метеорологтері ақпанның 6-сынан кейін еліміздің аумағында күштің аяздың біршама уақытқа бәсеңдейтінін хабарлаған болатын. Сонымен бірге, ауа температурасының төмендеуіне байланысты 6-8 ақпан күндері Алматы облысында өзендердің деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін екенін ескерткен еді.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай