Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

ЕАЭО ғаламдық қаржы жүйесіне ықпал етеді

04 Маусым 2014, 15:11
0
©Point.md
©Point.md

ЕАЭО ғаламдық қаржы жүйесіне ықпал етуі мүмкін, -  деп хабарлайды Kazakh-tv.kz.

Ақпарат құралының хабарлауынша, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге жақында ғана қол қойылғанымен, құрамына Исландия, Лихтенштейн, Швейцария мен Норвегия кіретін Еуропалық еркін сауда қауымдастығы оған мүше болуға ниет білдірді. Сондай-ақ, бұл ұйымға кіруге Израиль, Перу, Чили, Үндістан да үмітті. Сарапшылардың пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ кеңейіп әрі нығая отырып, әлемдік экономикалық үдерістерге ықпал ете алады.

"Біздің мұндай болжам жасауымызға Еуразиялық экономикалық одақтың табиғи және адам ресурстары мол кеңістікте құрылуы негіз болып отыр. Географиялық жағынан да бірегей жерде орналасқан. Аймақтық және ғаламдық маңызға ие әртүрлі көлік-логистикалық бағыттарды құрып, Еуропа мен Азия арасындағы көлемді сауда жолдарын іске қосуға болады. Бұған қоса, дәл осы Еуразияда, болашақта әлемдік дамудың қайнар көзі мен жетекші күшіне айналуы мүмкін экономикалық белсенділіктің жаңа полюсі қалыптасуда", - дейді ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Лейла Мұзапарова.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ЕАЭО туралы шарттың ұлттық валюталар девальвациясына ұшыратпайтынын мәлімдеген еді. "Біздің келісімге қол қоюымыз рубльдің, теңгенің немесе белорус валютасының двельвациясын туғызады деп есептеуге себеп бар деп ойламаймын. Керісінше, мен біздің экономикалық әлеуетіміздің нығаюы біздің валюталарымызды мейлінше күшті әрі тұрақты ете түсетініне сенімдімін", - деді Сыртқы істер министрі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай