Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

ЕАЭО шеңберінде бірыңғай валюта енгізудің келешегі жоқ - ҰКП

03 Сәуір 2015, 12:30
6

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай валюта енгізудің келешегі жоқ, тіпті болашақ алыс күндерде де, мұндай пікірін Tengrinews.kz тілшісіне кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев білдірді.

Ұлттық палата өкілінің айтуынша, ЕАЭО құру жөніндегі келесімшартта бірыңғай валюта енгізу туралы қарастырылмаған. Ошақбаевтың сөзіне қарағанда, бірыңғай валютаға өтудің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешегі Қазақстанның экономикалық әлеуетін шығынға ұшыратады. "Мемлекет Басшысы нақты түсіндіріп берген болатын, - Еуразиялық экономикалық одақ - саяси емес экономикалық одақ. Сондықтан мен мұндай бастаманың қазір де, болашақта да ешқандай келешегі жоқ деп сенемін. Сонымен қатар, тағы бір айтарым, кейбір сарапшылар бірыңғай валюта - бірігудің жоғары дәрежесі, біз бірыңғай валютаға өтуге дайын емеспіз деп пайымдайды. Біз макроэкономикалық, ақша-несиелік және монетарлық саладағы өз саясатымызды үйлестіргеннен кейін ғана бірыңғай валютаны енгізу туралы айта аламыз. Мен бұған түбегейлі келіспеймін және Қазақстан қазір де, болашақта да Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай валютаны енгізбеуі керек деп ойлаймын", - деді Ошақбаев.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин валюта одағын қалыптастыратын кез жетті деген пікірін білдірген болатын. Ол "Серіктестерімізбен монетарлық саясатта үйлестіруді жалғастыруға шарттастық", - деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттерінің Ақордадағы үшжақты кездесуін қорытындылау барасында айтты. "Иық тіресе жұмыс істей отырып, сыртқы қаржылық факторлар мен экономикалық қауіптерге әрекет ету, бірлескен нарықты қорғау оңайырақ", - деді Ресей президенті.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай