ПОДЕЛИТЬСЯ
27 шілде 2019 | 10:56
Екі арыстан, бір жолбарыс. Алматы зообағында жануарлардың өліміне кім кінәлі?
Соңғы екі айда Алматы зообағында 6 жануар қырылды. Арнайы ветеринар дәрігерлер мен зооқорғаушылардан құралған сарапшылар тобы жануарлардан алынған сынамалардың нәтижесін жариялады. Мамандар ондағы жануарлардың ұсталу тәртібін, қызметкерлердің дайындығын тексерген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Соңғы екі айда Алматы зообағында 6 жануар қырылды. Арнайы ветеринар дәрігерлер мен зооқорғаушылардан құралған сарапшылар тобы жануарлардан алынған сынамалардың нәтижесін жариялады. Мамандар ондағы жануарлардың ұсталу тәртібін, қызметкерлердің дайындығын тексерген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Екі айда оңтүстік шаһардағы зообақта екі арыстан, екі керік, бұлан және жолбарыс өлген. Экзотикалық жануарлардың қырылуына алаңдаған зообақ басшылығы зерттеу жүргізуді ұйғарған.
"Мен осы жағдайлардан соң комиссия құруды ұйғардым. Бұл мұндай сараптама кезінде комиссия құрылуы бірінші рет болып отыр. Сарапшылар құрамында біздің мекеме қызметкерлерінен бөлек тәуелсіз мамандар да болды 2010 жылдан бері зообақ мүлде жаңартылған жоқ. Тек талай шағымдардан соң ғана 2017 жылы кішкене жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Ержан Еркембаев деген басшы болғанда бұл процесс кенет тоқтап қалды. Біз қазір не істерімізді білмей отырмыз, - дейді Алматы зообағының директоры Вячаслав Баншиков.
Бірнеше уақытқа созылған сараптаманың қорытындысын оқыған маман жабайы жануарларға күтім жасау асқан жауапкершілікті талап ететін жұмыс екенін айтады. Олардың кеселінің себебін анықтау қиынға соғады екен.
"Біздің құрылған комиссия тобы 6 жануардың өліміне зообақ қызметкерлерінің біліксіздігі мен қасақана жасалған әрекет емес екендігін айтқым келеді. Аңдардың қырылуына сол кезде бір-біріне сәйкес келген қолайсыз жәйттер. Барлық жағдайда жануарлар да мәңгі өмір сүрмейтінін айтқым келеді. Десе де зообақ басшыларының да бірқатар заңсыздықтарға жол бергендігі анықталған. Комиссия мүшелері зообақ басшысының міндетін атқарушы Ақылбеков. Сол кезде ветеринар бөлімінің меңгеруші міндетін уақытша атқарған Дүйсенов және зообақ басшысының орынбасары өз міндетін дұрыс атқармағандығын анықтады", - дейді зоолог Константин Плахов.
Өткізілген тексерулерден соң зообақ басшысының орынбасары мен бас мал дәрігерінің міндетін атқарушы жұмыстан босатылған. Сонымен қатар жануар жанашырлары аңдар мәңгі өмір сүрмейтінін айтып отыр. Десе де зообақтың да заңсыздықтар бар болып шықты.
Енді, сарапшылармен жануарлардың өлімінің себебін анықтаған зообақ басшылығы мұндай жағдайды қайталамауға тырысамыз деп отыр. Енді, алдағы уақытта тағы да жаңа экзотикалық аңдарды әкелмек.
Показать комментарии
Читайте также