Екі облыста су басу қаупі бар - "Қазгидромет"

28 Ақпан 2018, 16:58
0
Екі облыста су басу қаупі бар - "Қазгидромет" -

"Қазгидромет" РМК өкілдері Қазақстанның оңтүстік-шығысы бойынша наурыздың 2-сіне жасаған гидрометеорологиялық болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жамбыл және Алматы облыстары бойынша жауын-жашын түсуі (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты күтілуде. Осыған байланысты, қар еріп, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін. Су деңгейлері көтеріліп су басуы мүмкін", - деп хабарлады мамандар.

Еске салайық, су басу қаупіне байланысты Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылының 1000 тұрғыны эвакуацияланған еді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай