27 маусым 2016 10:29

Екібастұзда автобуста болған төбелестен жүкті әйел қолын сындырып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Екібастұз қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде оның әйелінің қалалық маршруттық автобуста қолын сындырып алғаны туралы жазбаны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, ол әйел жүктілігінің бесінші айында екен.


Екібастұз қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде оның әйелінің қалалық маршруттық автобуста қолын сындырып алғаны туралы жазбаны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, ол әйел жүктілігінің бесінші айында екен.

Жолаушының айтуынша, 25 маусымда күндізгі уақытта ол қызымен бірге анасының үйіне қонаққа бара жатқан. Содан жолаушының бір жыл 9 айлық қызы автобустың ішіндегі орындыққа аяғымен тұрып алған. Сол уақытта автобус кондукторы анасына ескерту жасаған екен. Содан жанжал басталып кетеді. Әйел дереу анасына хабарласып, оны "өлтірейін" деп жатқаны туралы айтқан. Бұдан кейін әйел автобустың алдыңғы есігіне жақындаған сәтте, оның айтуынша, жүргізуші әйел автобустан шығып кетпес үшін оның оң қолын қайырып жіберген. Осы уақытта автобус ішіне әйелдің анасы келіп, полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Автобусқа кіріп келген әйел оның қызын кондуктор мен жүргізушінің жібермей тұрғанын көріп, қызына көмектесе бастаған. Содан олардың араларында жанжал туып, салдарынан жүргізуші мен кондуктор жүкті әйелдің қолын сындырып, ішінен бірнеше рет соққы жасаған.

Жолаушының анасының айтуынша, төбелес барысында жүргізуші оны иығынан ұстап алған. Сонымен қатар, жанжалдың соңында жүкті әйелдің жанына бөтен бір ер жігіт жақындап, ішіне пышақты тақап, қорқытқан екен.

Айта кетейік, автобустың ішіндегі жанжалды тек полицей қызметкерлері тоқатата алды. Оқиға орнына келген дәрігерлер жүкті әйелдің денсаулығын тексеріп, ауруханаға жеткізгісі келеді. Алайда жас ана ауруханаға барудан бас тартқан екен.

Кондуктордың айтуынша, бұл жанжал жолаушының қызы орындықта аяғымен тұрғанынан басталды. Бірақ жүргізушінің айтқан ескертуіне анасы өткір сөздермен жауап қайырған. Ал жүргізушінің айтуынша, жолаушы оның жанына жақындап, олардың аты-жөнін сұрастырып, кейін шағымданбақшы болған. Әйелдің бұл талабына жүргізуші тасымалдау компаниясының номері бар екендігін айтқан.

Сонымен қатар, жүргізуші мен кондуктордың айтуынша, полицейлерді әйел емес, өздері шақыртқан. Полицейлер пунктінің біріне тоқтаған автобус жүргізушісі тәртіп сақшыларының соңынан барып, оларды жұмыс орнынан таппай, қайта автобусқа кірген. Содан болып жатқан жанжалды видеоға түсіре бастапты. Айта кетейік, жүргізуші видеожазбалардың бірін редакциямызға жолдаған еді. 

Жүкті әйелдің бір жасар қызы бұл жанжалды көріп қатты жылап, айғайлаған. Кондуктор мен жүргізушінің айтуынша, жолаушының еш жері сынбады және олар жүкті әйелді де, оның анасын да ұрмаған. Айта кетейік, екі тарап та полицияға шағым жазды. Дүйсенбіде, 27 маусымда, олар сот-медициналық сараптамадан өтеді.

Сонымен қатар, куәгерлердің бірі автобустағы жанжалды естіп, салонның ішнде кондуктордың орындықтардың арасында жатқанын және оны әйелдің ұрып жатқанын, ал екінші әйелдің жүргізушіге оларға жақтасуға жол бермей тұрғанын айтып берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети