27 ақпан 2014 | 21:39

Екібастұздағы ГРЭС экологияға зиян келтіргені үшін 2 миллиард теңге айыппұл төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұздағы ГРЭС-2. ©expert.ru Екібастұздағы ГРЭС-2. ©expert.ru

Екібастұздағы ГРЭС-2 экологияға зиян келтіргені үшін 2 миллиард теңгеден артық айыппұл төлейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. "ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысындағы экология департаменті "ГРЭС-2 стансасы" АҚ-ы қоршаған ортаға залал келтіріп, рұқсатсыз эмиссия жасағандықтан, келтірген шығынды өтеуін талап етіп сотқа шағымданды. Шағымданушының талабы толықтай қанағаттандырылды. Сот шешімі бойынша "ГРЭС-2" АҚ-ына "Рұқсатсыз эмиссия жасаған әрекеті" бабы бойыншы жалпы сомасы 2 239 358 014 теңгеге айыппұл салынды, – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. Сондай-ақ компанияны 67,1 миллион теңге көлемінде сот шығындарын төлеуге міндеттеген. Жалпы, 2013 жылы Қазақстан кәсіпорындары экологияны бұзғандары үшін 45 миллиард теңге айыппұл төледі. Сегіз мыңнан астам экологиялық заң бұзу әшкереленді. Негізі, 2013 жылы қоршаған ортаға эмиссияға жасауға 14 мың рұқсат берілген. Алайда бәрін қосқанда атмосфераға таратылған ластаушы заттар рұқсат етілген шамадан асқан жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети