19 қаңтар 2015 13:52

Екінші сыныптың оқулықтарынан "ақылға сыймайтын" тапсырмалар табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото flashnord.com сайтынан алынды Фото flashnord.com сайтынан алынды

Астанада екінші сынып оқитын баланың әкесі оқулықтағы тапсырмалардың оқушы жасына сәйкес келетініне күмәнданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам редакцияға хабарласып, өзі қисынсыз деп тапқан бірнеше тапсырманы мысалға келтірді.


Астанада екінші сынып оқитын баланың әкесі оқулықтағы тапсырмалардың оқушы жасына сәйкес келетініне күмәнданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам редакцияға хабарласып, өзі қисынсыз деп тапқан бірнеше тапсырманы мысалға келтірді.

"Менің ұлым Астанадағы мектептердің бірінде екінші сыныпта оқиды. Біз үй тапсырмасын орындаған сайын оқулықтың жаңа шешендік "жауһарын" тауып отырамыз. (...) Оқулықты таралымға шығармай тұрып оны оқып шығуға болмай ма? Тіпті қарапайым адам бұл оқулықтардағы тапсырмалар мен сұрақтардың мағынасыз екенін түсінеді. Егер министрлік мұндай жұмыстарды жүргізуге қауқарсыз болса, кітаптардың жобасын ашық ресурстарға қойсын, адамдар көмектеседі. Мұндай кітаптар үшін балалардан ұят. Мынандай да сұрақтар кездеседі (2-сынып үшін!!!): "жылауық бала 2 шелек жас төгіпті, Қазақтан халық ассамблеясы деген не, ҚР Зейнеткерлік заңы туралы не білесіз?", - деп жазды біздің порталды қолданушы. 

Айта кетейік, ата-ана 2-сыныпқа арналған "Әдебиеттіқ оқу" (Б.А.Тұрғынбаева, З.Мүфтібекова,  "Алматыкітап" баспасы, 2012 жыл) оқулығындағы, сонымен қатар  "Математикадан 105 сабақ" (құрастырған Н.А.Жазықбаева) жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар туралы айтты.

"Әдебиеттіқ оқу" тапсырмаларына қатысты ескертулерге Білім және ғылым министрлігі бұл оқулық білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігін анықтайтын сараптамадан өтті деп жауап берді. Ол білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтардың қатарына кірген. Сонымен қатар, ведомство мамандары бұл оқулыққа қатысты бұған дейін ешбір сөгіс түспегенін хабарлады.

"Хатта көрсетілген тапсырмалар 2-сынып оқитын балалардың жасына сәйкес келеді, себебі олар "адамның еңбек етуі", "адам құқығы", "зейнеткерлік жас" деген ұғыммен 1-сыныпта "Әлемтану" пәнінде танысады, сонымен қатар оларға Қазақстан заңдары туралы қысқаша мәлімет Тәуелсіздік күні мен ҚР Конституция күніне арналған сынып сабақтарында беріледі. Оқушылардан зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды жаттап алу талап етілмейді, балалар адамның белгілі бір жасқа толғанда лайықты демалысқа шығып, оған зейнетақы төленетіні туралы жалпы мағлұматты білуі керек. Бұл туралы түсінікті тілде мұғалім, ал үйде ата-ана түсіндіреді", - деп жауап берді министрлік мамандары ресми сауалға.

Ал математикадан жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларға қатысты ескертулерге Білім және ғылым министрлігі бұл оқулық білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігін анықтайтын сараптамадан өткен жоқ деп жауап берді. Ол білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтардың қатарына кірмеген.

Ведомство өткен жылы қарашада жүргізілген "Қатесіз оқулық" акциясы туралы еске сала кетті. Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, бүгінге дейін оқулықтардан табылған қате мен кемшіліктер туралы 20 адам ведомствоға хабарласқан.

2014 жылы 4, 5, 6, 11 - сыныптарға арналған әдебиет пәнінің оқулықтарына, сонымен қатар 3-сыныптың "ағылшын тілі" пәнінің оқулықтары мен оқу-әдістемелік жиынтығына және 7-сыныпқа арналған "информатика" пәнінің оқулықтарына сараптама жүргізілді. Тексерілген 2437 оқулықтың 726-сы (30 пайыз) қолданысқа жіберілген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети