27 ақпан 2015 12:50

Экономикасы қарқынды елдер рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстан экономикасы жылдам өсіп келе жатқан елдер (The 20 Fastest-Growing Economies This Year) рейтингінде 11-орында тұр, - деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.


Қазақстан экономикасы жылдам өсіп келе жатқан елдер (The 20 Fastest-Growing Economies This Year) рейтингінде 11-орында тұр, - деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Зерттеудің нәтижесі бойынша 2015 жылы экономикасы ең жылдам өсетін ел Қытай болады, биыл бұл елдің экономикасы 7 пайызға өседі. Рейтингтің екінші және үшінші орындарында Филиппин мен Кения тұр. Бірінші бестіктің қатарына Үндістан мен Индонезия енді, бұл елдерде жалпы ішкі өнім бес пайыздан жоғары көлемге артады. 2015 жылғы рейтингтің бірінші бестігіндегі елдер әлемдік жалпы ішкі өнімнің көлемін 16 пайызға ұлғайтады. Бұдан кейінгі орындарға Нигерия, Малайзия, Перу, Тайланд пен БАӘ ие болды. Қазақстан экономикасы жылдам өсіп келе жатқан елдердің рейтингінде Біріккен Араб Әмірліктері мен Колумбияның ортасында тұр.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Халықаралық валюта қорының нұсқасы бойынша Қазақстан экономикасы жылдам өсетін елдердің бірінші ондығына енген болатын. Ол кезде Еуропарламенттің депутаты Струан Стивенсон экономикалық көрсеткіш пен инвестициялық тартымдылығы жағынан Қазақстан Орталық Азия бойынша көшбастады деп мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, ол Қазақстан шетелдік инвестиция салымы үшін қауіпсіз аймақ деп сенімін білдірген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети