05 ақпан 2014 14:00

Экс-шенеунік Александр Кочубей ақталған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Кочубей.  ©Мegapolis.kz Александр Кочубей. ©Мegapolis.kz

ҚР Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Алексей Кочубей ақталған жоқ деп хабарлайды Tengrinews.kz қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Сотта айыпталушы Кочубейдің заңға қайшы әрекеттері расталды, бірақ іс қаралып жатқан кезде инспекциялық-тексеру кешені пайдалануға берілген болатын, жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - дейді қаржы полициясы қызметкерлері. Бұған дейін қылмыстық істің тоқтатылғанын Кочубейдің адвокаты Владимир Царенко хабарлаған болатын. Дегенмен қаржы полициясы мамандары қылмыстық істің тоқтатылуы айыпталушының құқығын қалпына келтіруге негіз бола алмайтынын, сол себепті Кочубейдің ақталмайтынын айтты. Еске сала кетейік, 2012 жылдың 12 маусымында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Шенеуніктер Маңғыстау облысындағы "Тәжен" кеден бекетіне жабдықтар сатып алу келісімі бойынша жүргізілген жұмыстарға төлем төлеу кезінде қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін айыпталды. Тергеу барысында комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Александр Кочубейдің қылмысқа қатысы бары анықталды. Қаржы полициясының мәліметінше, ол 2011 жылдың 24 желтоқсанында бекетке 524,6 млн теңгеге автокөлікті сканерлейтін инспекциялық-тексеру кешені жеткізілгені туралы жалған актіні бекіткен. Алайда кешеннің өзі қылмыстық іс қозғалғаннан салына бастаған, яғни мемлекеттік сатып алу жөнінде келісім белгіленген мерзімінен бір жылдан соң орындалған. Оның өзінде құрылыс кезінде радиациялық заттарға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети