14 қазан 2016 16:48

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі әлеуетті әріптестер мен демеушілерге таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі әлеуетті әріптестер мен демеушілерге таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.


"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі әлеуетті әріптестер мен демеушілерге таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.

Лондонда өткен "Bloomberg New Energy Finance Future of Energy EMEA Summit" (BNEF) жыл сайынғы саммиті шеңберінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шамамен 500 ірі халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарына таныстырылды.

Саммит шеңберінде Көрме өкілдері Facebook, Mckinsey, Solar Ventures, Ericson, Cisco, Investec, Dz Bankс сияқты шамамен 100 компаниялардың жетекшілерін Астанада өтетін алдағы Көрмемен таныстырған арнайы іс-шара ұйымдастырылды, онда Қазақстанның және алдағы іс-шараның экономикалық әлеуеті туралы айтылды.

"Қазақстан - бұл әлемдік аренада өзін қарқынды дамушы ел ретінде көрсетудегі, үлкен әлеуеті бар, Орталық Азияның дәл ортасында орналасқан мемлекет. Біздің бизнесмендерге осы елге көңіл бөліп, бизнес және экономика саласымен танысқандары жөн деп санаймын", - деді презентация барысында BNEF бас редакторы Ангус Маккрон.

Кездесулерде ЭКСПО-2017-мен әріптестік өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Халықаралық бизнес қоғамдастық өкілдері 2017 жылы жазда Астанада өтетін Көрме әріптестері және қатысушылары ретінде ынтымақтастықтың әртүрлі мүмкіндіктерін ұсынды.

Бүгінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Көрмеге отандық және шетелдік әріптес компаниялардан 125,5 миллион еуро көлемінде демеушілік салым тартты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети