17 қазан 2016 17:57

ЕҚЫҰ Қазақстанда терроризмге қарсы жаңа заңнама бойынша дөңгелек үстелді қолдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен 40 жуық депутат, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Ішкі істер, Әділет, Білім және ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ғалымдардың қатысуымен экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету жөнінде ұлттық заңнамаға ұсынылып отырған өзгерістер бойынша дөңгелек үстел өтті.


Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен 40 жуық депутат, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Ішкі істер, Әділет, Білім және ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ғалымдардың қатысуымен экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету жөнінде ұлттық заңнамаға ұсынылып отырған өзгерістер бойынша дөңгелек үстел өтті.

Қатысушылар терроризмге алып келетін зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм мен радикалдануды алдын алу мен оған қарсы әрекет етудің заңнамалық және институционалды шараларын талқылады. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәжілісі (төменгі палата) мен Ұлттық қауіпсіздік комитетімен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар жəне адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) қолдауымен "Нұр Отан" халықтых демократиялық партиясы жанындағы Құқықтық кеңеспен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің сұранымы негізінде ДИАҚБ заң жобасының екінші оқылымына дейін ұсынылып отырған өзгертулердің құқықтық сараптамасын дайындады. ДИАҚБ заңнама жөнінде кеңесшісі Анна-Лиза Шателен халықаралық және ұлттық сарапшылар қатарында болып, заң жобасы бойынша халықаралық стандарттар мен озық тәжірибеге негізделген құқықтық қорытынды мен ұсыныстармен таныстырды.

Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Нұрлан Әбдіров терроризм секілді құбылыс бұрын елге жат тақырып болса, соңғы оқиғалар, өкінішке орай, оны Қазақстан халқы үшін шындыққа айналдырды деп атап өтті. Ол терроризмге қарсы әрекет етуде бұқаралық ақпарат құралдарының ықтимал рөлін, терроризмді алдын алу мен оған қарсы әрекет ету мақсатымен заңнамаға халықаралық үздік тәжірибе енгізу және заңнаманы талқылау маңыздылығын баса айтты.

Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо "ЕҚЫҰ қауіпсіздікті алға жылжытуға ықпалдастық ететін ұйым болып табылады. Әрекет ететін уақыт келді және оған терроризмге қарсы әрекет етуде адам құқықтары мен құқық ұлықтылығын құрметтеу кіреді", - деді.

Іс-шара терроризмге қарсы әрекет ету жөніндегі заң жобасына дайындалған құқықтық қорытындының ресми презентациясымен жалғасты, оған заң жобасын дайындау бойынша Парламент жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстел ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын ескере отырып, терроризмге алып келетін зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм мен радикалданумен күресте ықпалдастық етудегі көп жылдық қызметінің бөлігі болып табылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети