26 шілде 2017 09:46

Ел бейнесі күтпеген ракурстан: "Менің Қазақстаным" фотоконкурсы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Жанат Айтхожин, 
QazaqGeography © Жанат Айтхожин, QazaqGeography

QazaqGeography командасы Tengrinews.kz және Massaget.kz ақпараттық әріптестерімен бірге елімізді жаңа және күтпеген қырларынан көрсететін ең үздік фотосуреттерді анықтау үшін фотоконкурс жариялайды.


QazaqGeography командасы Tengrinews.kz және Massaget.kz ақпараттық әріптестерімен бірге елімізді жаңа және күтпеген қырларынан көрсететін ең үздік фотосуреттерді анықтау үшін фотоконкурс жариялайды.

Фотоконкурс 2017 жылдың 25 шілдесінен 24 қазанға дейін өтеді. Конкурс әрқайсысы бір-бір айға созылатын үш сериядан тұрады. Төрешілер таңдайтын үздік фотосуреттер үш жүлде санаты бойынша құнды сыйлықтар алып, QazaqGeography көрмесіне қойылады. Ал конкурстың қорытындысы бойынша Tengrinews.kz сайт қолданушыларының нұсқасы бойынша үздік фотосурет үшін қатысушыларды Tengrinews.kz жаңалықтар порталынан тағы бір жүлде күтіп тұр.

"Менің Қазақстаным" конкурсына қатысу үшін QazaqGeography қоғамының мүшесі болуы қажет.

#QazaqGeoNature "Осындай алуан түрлі Қазақстан: табиғат" - 25 шілде-24 тамыз аралығында өтеді.

Бірінші серия 25 шілдеде бастау алып, 24 тамызға дейін жалғасады. Фотосуреттерді ұсынудың соңғы күні - 24 тамыз, күндізгі cағат 12:00 (Астана уақыты).

#QazaqGeoPeople "Осындай алуан түрлі Қазақстан: адамдар" - 25 тамыз -24 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан - бұл сұлу табиғат қана емес, ол бірегей флора мен фауна. Ең алдымен елімізді адамдар құрайды. Қатысушыларға еліміздің түкпір-түкпіріндегі адамдарды көрсету керек болады.

Екінші серия 25 тамызда бастау алып, 24 қыркүйекке дейін жалғасады. Фотосуреттерді ұсынудың соңғы күні - 24 қыркүйек, күндізгі 12:00 (Астана уақыты).

#QazaqGeoTowns "Осындай алуан түрлі Қазақстан: қалалар" - 25 қыркүйек - 24 қазан аралығында өтеді.
Орташа статистикалық есеп бойынша қазақстандықтар өз қаласынан сыртқа сирек шығады. Алайда Қазақстанның əр қаласы өзіндік қайталанбас бірегейлік пен тарихқа ие. Фотосуреттер арқылы қала немесе қалалар туралы әңгімелеу қажет. Осында тұратын адамдар, жергілікті жердің тарихы және оның бірегей колориті туралы айтып беруге болады.

Үшінші серия 25 қыркүйекте бастау алып, 24 қазанға дейін жалғасады. Фотосуреттерді ұсынудың соңғы күні - 24 қазан, күндізгі 12:00 (Астана уақыты).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети