Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Елбасы Air Algerie ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

25 Шілде 2014, 20:24
0
Фото tengrinews © мұрағатынан алынды
Фото tengrinews © мұрағатынан алынды

Елбасы Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландқа "Алжир әуе жолдары" жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Жеделхатта "Алжир әуе жолдары" компаниясы ұшағының апатынан көптеген француз азаматтарының қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. "Осындай қайғылы жағдайда Қазақстан халқы және жеке өз атымнан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Франция халқына шын ниетпен көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбдел Әзиз Бутефликаға "Алжир әуе жолдары" ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.  Жеделхатта "Алжир әуе жолдары" компаниясы ұшағының апатынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. "Қазақстан халқы және жеке өз атымнан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Алжир халқына шын ниетпен көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, 24 шілде күні Уагадугу қаласынан Алжирге ұшып шыққан Air Algerie әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Нигер астанасында апатқа ұшыраған болатын. Бортта болған 116 жолаушы да, 6 экипаж мүшелері де қайтыс болды. Жолаушылардың ішінде француздар да болған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай