25 тамыз 2017 22:10

Елбасы "Хилтон" қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің аумағында орналасқан бес жұлдызды "Хилтон" қонақ үйінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің аумағында орналасқан бес жұлдызды "Хилтон" қонақ үйінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Рәсім соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей, Корея, Түрікменстан, Өзбекстан, Франция және Біріккен Араб Әмірліктері елдерінің ұлттық павильондарын аралап көрді.

Қазақстан Президенті Ресей павильонында елдің энергетикадағы жетістіктерін және Арктика жағдайында болашақтың энергетикалық идеяларын көрсететін экспозициялармен танысты.


© akorda.kz

Өзбекстан павильонында Мемлекет басшысына бұл елдің ғылыми-өндірістік жетістіктері мен технологиялық жобалары, соның ішінде көлік жасау саласында қолданылатын "Электрокарт" эксперименттік платформасы көрсетілді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанның ұлттық павильонында дербес гелиобиологиялық қалдықсыз кешеннің макетін көрді.

Қазақстан Президентіне Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңартылатын энергетика саласындағы жетістіктері жөнінде баяндалды.


© akorda.kz

Мемлекет басшысына Корея павильонында "Ақылды энергетикалық микрожелі" құрылғысы мен энергия үнемдеу жүйесінің жұмысы таныстырылды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Францияның жаңартылатын энергия көздерін және «ақылды қалалар» мен экомобильділікті дамыту салаларындағы жетістіктерімен танысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети