28 шілде 2014 09:43

Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Фото ©REUTERS ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Фото ©REUTERS

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қымбатты отандастар! Сіздерді Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам әлемнің барша мұсылмандары рухани тазаруға ұмтылатын Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Осы кезеңде қайырымды істер атқарып, біздің көмегіміз бен жанашырлығымызға зәру жандарға қамқорлық көрсетуге деген ізгі ниет пен ықылас арта түседі.

Ислам адамзат баласын татулыққа, тыныштық пен тұрақтылыққа үндейді. Осынау биік құндылықтар тек мұсылман қауымын ғана емес, бүкіл Қазақстан халқын да ынтымақтастыра түседі. Сондықтан Ораза айт барлық отандастарымыздың бірлігін арттыратын мереке болып саналады.

Қазақстан қоғамы өзінің бай рухани мұрасын, өзара сыйластық пен келісімге негізделген іргесі берік қарым-қатынастарын мақтан тұтады. Барша қазақстандықтарды осы дәстүрлерді барынша нығайтып, құндылықтарымызды әрдайым қастерлеуге шақырамын. Қасиетті Ораза айт халқымызға рухани серпіліс, шаңырақтарыңызға бақ-береке әкелсін", - делінген құттықтауда. 

Ораза айт - күнтізбе бойынша тоғызыншы айдағы барлық мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Рамазан айы Алланың мейірімін сезініп, барлық күнәлар мен рухани тазарудың таптырмас уақыты. Бұл айдың басты күні - Рамазан (Лейлат әль-Қадыр) айының 27 жұлдызына тура келетін - Қадыр түні болып табылады. Мұсылмандар дәл осы күні Алланың әмірімен Құран жерге ең жақын орналасқан көкке жеткізілген, ал ол жерден 23 жыл бойы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға жеткізілген деп біледі.   

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети