06 наурыз 2014 19:49

Елбасы Қорғаныс министрлігінде орын алған жағдайға алаңдаулы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото tengrinews.kz Фото tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрлігіндегі орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне қатысты алаңдаулы деп хабарлайды Tengrinews.kz twitter-дегі Ақорданың ресми аккаунтына сілтеме жасап. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрлігінде шұғыл-стратегиялық кеңес өткізді. "Әскерімізге көлеңке түсіретін және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін сыбайлас жемқорлық фактілері алаңдатып отыр" - деп атап өтті ҚР Президенті. Бұған қоса Елбасы "Қорғаныс министрі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын жасауы тиіс" - деп қадай айтты. Мемлекет басшысы еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге ауқымды қаржы бөлінетінін, ұлттық қауіпсіздік жоғары деңгейде болуы тиіс екендігін де басымдық бере атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев "біз армиямыздың әскери-техникалық жарақтандырылуын және отандық әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындарымыздың жұмысын нығайтуды жалғастыра береміз" - деді. Еске салайық, бір ай бұрын әскери сот Ақмола гарнизонында Қорғаныс министрінің орынбасары, армияның бүкіл мемлекеттік сатып алуларына басшылық жасаған жоғары шенді әскери тұлға, генерал Бағдат Майкеевті "коммерциялық құрылымдардың мүдделеріне басымдық беру үшін пара алған" деген күдікпен ұстаған болатын. Жоғары шенді шенеунікті әскери сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабы, 5 бөлімі бойынша айыптауда. Бірақ генерал-майор Майкеев БАҚ өкілдеріне мұның арандатушылық екенін де мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети