Елбасы "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесінің президентін қабылдады

21 Мамыр, 10:35
0
Елбасы "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесінің президентін қабылдады - © akorda.kz
© akorda.kz

Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсуды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Назарбаев Университетінің» қазіргі даму барысы және жоғары оқу орнының түлектеріне бесінші рет диплом тапсыру рәсіміне дайындық жұмыстары туралы мәлімделді.

"Бізде халықаралық деңгейдегі университет болады дегенге көбісі сенбеп еді. Міне, көп жылдан бері осындай университеттің ректорысыз. Жоғары оқу орнының зияткерлік әлеуеті - оқу орнының деңгейін көтеріп жатқан ғалымдар бар. «Назарбаев Университеті» Қазақстанның брендіне айналды", - деді Елбасы.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырма берді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай